Монарх, саясаткер, әртіс: Сұлулық патшайымдарының жүрегін жаулаған кімдер?
Жарияланған күні:
Әйгілі сұлулық байқауларында топ жару арулар үшін тек алтын тәжді ғана емес, жеке өмірді өзгертуге мүмкіндігін береді. Ендеше, әлем бойынша өз сұлулықтарымен танылған бойжеткендердің қандай азаматпен бас қосқаны туралы Woman.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.
1. "Мәскеу аруы-2018" Оксана Воеводина, 25 жаста
Күйеуі: Малайзияның бұрынғы каролі Мұхаммед V, 49 жаста.
Үш жыл бұрын 22 жастағы студент Плеханова Оксана Воеводина "Мәскеу аруы" байқауында жеңіске жетіп, ірі сән агенттігімен келісімшартқа отырған. Соның арқасында ол әлемнің түкпір-түкпірін аралап, өзінің болашақ жарымен танысады.
"Мәскеу аруы-2018" байқауы ұйымдастырушыларының айтуынша, сәнқой мен Малайзияның бұрынғы королі осыдан бір жарым жыл бұрын Еуропада танысқан екен.
2018 жылдың 22 қарашасында Оксана мен Мұхаммед элиталық кешенде тойларын өткізген. Ал отау құрмай тұрып ислам дінін қабылдаған бойжеткен есімін Рихана деп өзгертіпті.
Мұхаммед V 2016 жылы бес жылға Малайзия королі болып сайланған. Қазіргі уақытта БАҚ өкілдері оның тақтан бас тартқанын жарыса жазуда.
2. Supermodel of Russia-2005, "Жер аруы-2013" Олеся Бословяк, 29 жаста
Күйеуі: Федерация кеңесінің мәскеулік мүшесі Владимир Кожин, 59 жаста.
Олеся Supermodel of Russia-2005 байқауында 2005 жылы топ жарады. Кейіннен "Ресей көркі-2011" және "Жер аруы-2013" сайыстарында бақ сынайды.
Олесяның қасында ер-азаматтар көп жүргенімен оның таңдауы Владимир Кожинге түскен. Саясаткер ол уақытта Ресей президентінің әскери-техникалық серіктестік бойынша көмекшісі қызметін атқарып жүрген екен.
Осылайша, ғашықтар 2014 жылы Архангельск қаласында үлкен той өткізеді. Кеште Бословяктың достары мен премьер-министр Дмитрий Медведев те бой көрсетеді.
3. "Әлем аруы-2000", танымал актриса Приянка Чопра, 36 жаста
Күйеуі: Музыкант, актер Ник Джонс, 26 жаста.
Кішкентайынан ұяң болып өскен Приянка Чопра 2000 жылы "Үндістан аруы", артынша "Әлем аруы" байқауында бақ сынап, жеңіс тұғырынан көрінеді.
Приянканың табынушылары көбіне Үндістанның кәсіпкерлері мен актерлері болған. Алайда актрисаның таңдауы өзінен 10 жас кіші америкалық музыкантқа түскен.
Өткен жылдың желтоқсан айында Приянка мен Ник Үндістанда үлкен той өткізді. Салтанатты шара бір аптаға жалғасты.
4. "Ресей аруы-2001", "Ғалам аруы-2002" Оксана Федорова, 41 жаста
Күйеуі: Ресей Федерациясы президенті әкімшілігінің қызметкері Андрей Бородин, 47 жаста.
Федорова Оксана 1999 жылы "Санкт-Петербург аруы" атанып, артынша "Ресей ауры", "Ғалам аруы" байқауларында топ жарады.
Ару федералді қауіпсіздік қызметінің бұрынғы офицерімен ара-қатынас туралы біраз уақыт тіс жармаған. Алайда, ол 2011 жылдың күз айларында тұрмысқа шыққанын хабарлады. Жұптың үйлену тойы жасырын түрде өтіпті.
5. "Әлем аруы-1994", актриса Айшвария Рай, 45 жаста
Күйеуі: Танымал актер Абхишек Баччан, 42 жаста.
1994 жылы әлемді сұлулығымен тамсандырған Айшвария Райдың табынушылары аз болмады. Алайда жұлдыздың жүрегін тек актер Абхишек Баччан ғана жаулай алған.
Абхишек 2007 жылы Айшвария Райға сезімін білдіріп, отау құрады. 2011 жылы жұбайлардың алғашқы қыздары дүниеге келген. 11 жыл бірге тұрған уақытында бұл жұп ешқандай дауға да іліккен жоқ.
6. "Әлем аруы-2014" Ролин Страусс, 26 жаста
Күйеуі: Кәсіпкер Ди'Нил Страусс, нақты жасы белгісіз.
Оңтүстік Африка республикасының тұрғыны 2014 жылы "Әлем аруы" атағын иеленіп, табынушыларының санын арттырады.
Аруды ұнатқан жігіттер көп болғанымен оның таңдауы кәсіпкер Ролин и Ди’Нилге түскен. Олар 2016 жылы ақпан айында шаңырақ көтеріп, бір жылдан кейін ата-ана атанады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1772190-monarh-saasatker-rtis-slulyk-patsajymdaryny-zregin-zaulagan-kimder/