Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Той жасау үшін 20 жыл бұрын қайтыс болған қыздың денесін ұрлап кеткен

Опубликовано:

Қытайдың Хэбэй провинциясында 20 жыл бұрын қайтыс болған 18 жастағы қыздың мәйіті ұрланды. Марқұмның туыстары бойжеткеннің денесі басқа мәйітке үйлендіру мақсатымен ұрланғанына сенімді. Бұл туралы Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: AsiaWire, коллаж: NUR.KZ
Фото: AsiaWire, коллаж: NUR.KZ: Facebook

Қытайдың Хэбэй провинциясының тұрғындары он сегіз жасында қайтыс болған туысының денесі қабірден ұрланғанын анықтады.

Марқұм туыстарының айтуынша, 20 жыл бұрын орын алған жерлеу рәсімі қарапайым өткен. Қабірде бағалы ештеңе болмапты. Ұрының басты мақсаты мәйіттің денесін қолға түсіру екен.

Қыздың туыстары оның денесін "өлгендердің тойы" деп аталатын рәсімге қолданатынына сенімді.

Бұл шарада мәйітті о дүниеде жалғыз қалмасын деген сеніммен некелестіреді екен.

Кейде бұл екі жақтың отбасы мүшелерінің келісімімен жүзеге асады. Көбінесе қайтыс болған ұл жақтың жақындары қыздың мәйітін сатып алады.

Дүниеден өткен қалыңдықтың бағасы ондаған мың долларға жетуі мүмкін.

Бойжеткеннің жақындары біраз уақыт бұрын үйіне танымайтын адамдар келіп, мәйітті сатып алғысы келгенін айтады.

Туыстары келіспеген соң ұрылар өз бетімен қабірді қазып, мәйітті ұрлап кетіпті.

Қазіргі таңда оқиға орнында қолғабын тастап кеткен қарақшыны полиция қызметкерлері іздестіруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1772689-toj-zasau-sin-20-zyl-bryn-kajtys-bolgan-kyzdy-denesin-rlap-ketken/

pixel