Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Белсенділікті серік етіңіз": 2019 жалқаулар үшін қандай жыл болмақ?

Опубликовано:

Астрофизиктер 2019 жылы Жер, Күн және Марстың әсері мол болатынын айтуда. Яғни, бұл жылы әлемде жанжал мен соғыстар азайып, саяси ахуалдың жағдай оңалуы мүмкін деп жазады "Замана".

Көрнекі фото: peepcity.ru
Көрнекі фото: peepcity.ru: Facebook

Аталған болжам адамдардың да өміріне тікелей қатысты болмақ. Яғни, алдағы он екі айда адамдар арасындағы сыйластық артып, түсініспеушілік азаяды деген сөз.

Сондай-ақ, 2019 жылы астрофизиктер адамдардың білімге деген қызығушылығы артатынын айтты.

"Бұл жылы техника, технология салаларында тың жаңалықтар көбейеді, таңқаларлық астрофизикалық, ғылыми жаңалықтар өмірге келеді. Адамдардың зейіні, зердесі, аңғарғыштығы артады", - деді олар.

Астрофизиктер Доңыз жылының 12 жылдық тізбені аяқтайтын жыл екенін ескере отырып, бұл жылы кез келген адамда өткеніне есеп беру сезімі оянады дейді. Ал өткеніне есеп берген адамның көп нәрсеге көзі ашылары, кем-кетігін түзеуге ұмтылары сөзсіз.

Одан бөлек, мамандар биылғы жыл әрекет еткен, мақсатына ұмтылған жандарға өте жайлы жыл болатынын түртіп өтті.

Олар осы жылы еріншектік, жалқаулық, немқұрайлылық та адам баласын жиірек төңіректейтінін, осы кезде өзін қолға алмай, жалқаулыққа жол ашқан жандарға Доңыз жылынан аяушылық жоқ екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1773204-belsendilikti-serik-etiiz-2019-zalkaular-sin-kandaj-zyl-bolmak/

pixel