Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсіңде ақша көрсең, өңіңде не болады: түс жорушылар не дейді

Опубликовано:

Шабадан толы ақша
Ақша. Көрнекі фото: pixabay.com

Түсіңізге ақша кірсе, мол табысқа кенелуіңіз мүмкін. Көптеген түс жорушы ақшаны жақсылықтың нышаны ретінде қарастырады. Ендеше ақшаға қатысты түстердің түсіндірмесін KAZ.NUR.KZ тілшісі әзірлеген материалдан оқып көріңіз.

Ақша туралы түстерді талқыламас бұрын қызық деректер келтіре кетейік. Британиялық ғалымдар екі мыңға жуық адамды зерттей келе, түсті көп жағдайда білімді, интеллектісі жоғары адамдар көретінін анықтаған. Түсті жиі көретін адамдардың IQ көрсеткіші жоғары және көрген түстерін естерінде сақтап қалады. Адам қаншалықты ақылды болса, түс те соншалықты жарқын болады. Ұйқысы сергек адамдар ұйқысы қатты адамдарға қарағанда түсті көп көретін болып шыққан. Демек ақша туралы түстерді де ұйқысы сергек адамдар көп көреді деген сөз.

Сонымен кейбір түс жорушылардың түсіндіруінше, түсіңізде көп ақша тауып алсаңыз, жақын арада жолыңыз болады. Ал түсіңізде ақша тауып алып, бірақ оны бірден жоғалтып алсаңыз, өңіңізде мүмкіндікті жіберіп алуыңыз мүмкін.

Sonnik.ru сайтында ақша туралы түстер жайында мынандай болжамдар айтылған:

Егер түсіңізде ақша тауып алсаңыз, ұсақ-түйек қиындықтар аяқталып, табысқа қол жеткізесіз.

Ақшаны біреуге беріп жатсаңыз, көп ұзамай өміріңізде сәтсіздіктер басталады. Ал біреуден ақша алсаңыз, керісінше сізді байлық пен жетістік күтіп тұр.

Ақша жоғалтып алсаңыз, істеріңізде қиындықтар туындап, отбасында жанжал болуы мүмкін.

Түсіңізде ақша санап, оның жеткізе алмай тұрсаңыз, өңіңізде күтпеген шығындар болады деген сөз.

Ал ақша ұрласаңыз, бұл шынайы өмірде сізге қауіп төніп тұрғанын, абай болуды ескертетін түс.

Егер тиын немесе қағаз ақшаға үңіліп қарап тұрсаңыз, табысыңыз өзіңіздің пысықтығыңызға тәуелді болғаны.

Қомақты ақша сомасын қарызға алғаныңыз түсіңізге кірсе, шын мәнінде айналаңыздағы адамдар сізді бай деп ойлайтыны. Араларында сізді сараң деп есептейтіндер де жоқ емес болуы мүмкін.

Тұрмысқа шықпаған бойжеткен қарызға алған ақшаның барлығын жұмсап тастағанын көрсе, бұл оның жақын досынан айырылып қалуы мүмкін екенін ескертеді.

доллар
Көрнекі фото: pixabay.com

Ванганың жоруы

Атақты көріпкел түске ақша кіруге байланысты мынадай болжамдар айтып кеткен:

  • Түсіңізде ақшаны тауып алсаңыз, жақындарыңыздың бірі жайсыз нәрсені жоспарлап жүр деген сөз. Мұндай келеңсіздікке жол бермес үшін ақшаны үнемдеуге тура келеді.
  • Түсіңізде ақша алып жатсаңыз немесе әлдекім сізге ақша беріп жатса, онда ол түс көрушінің жаны жайсаң, қолы ашық, жомарт адам екендігінің белгісі.
  • Ал түсте жаратылған ақшаны көру – берекенің қашуы немесе кедейліктің белгісі деген сөз. Мұндай жағдайға жетпеу үшін ақшаны барынша үнемдеп ұстаңыз.
  • Ақшаны қайта-қайта есептесеңіз, онда ақшаға қатал болудың, ақша үшін ештеңеден тайынбайтынының белгісі. Сол үшін қаржыны өзіңізден де, жақындарыңыздан да аямай, жұмсаңыз, сонда берекелі боласыз.
  • Сол сияқты түсіңізде ақшаны біреуге беріп жатсаңыз, онда жаңадан қолға алатын бастамаңызға ақша жұмсайсыз деген сөз және бұл игі ісіңіз сәтті болады, тек қаражатты үнемдеп ұстасаңыз болғаны.
Ақша
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Миллердің жоруы

Америкалық түс жорушы ақшаға қатысты келесі болжамдарды ұсынады:

  • Түсіңізде ақшаны тауып алсаңыз – кішігірім қиындықтар болғанымен, соңы жақсы аяқталады деген мағынаны білдіреді. Мұндай түстің тағы бір мағынасы – көп ұзамай өміріңізде өзгерістер болуы мүмкін.
  • Түсіңізде тиын ақшаны көрсеңіз әрі ол алтын тиындар болса, онда сіздің болашағыңыз жарқын әрі бақытты болады деген сөз.
  • Ал түсіңізде ақшаны жоғалтып алсаңыз, онда қиындықтар болады деген мағынаны білдіреді.
  • Сол сияқты түсте ақшаны қайта-қайта санап жатсаңыз, онда жақын арада қаржылық қиындықтар туындайды деген сөз.
  • Ал егер түсіңізде ақшаны ұрлап алса, онда жамандықтың белгісі, сонымен бірге түсте ақшаңызды үнемдеп жатсаңыз, онда болашақта сіз бақытты ғұмыр кешесіз деген сөз.
  • Түсіңізде ақшамен сауда жасап жатсаңыз, онда – сәтсіздіктің белгісі. Жоспарларыңыз ойдағыдай жүзеге аспауы мүмкін.
  • Ал түсте ақшаны жұтып қойсаңыз, онда сіз іші тар, жақынына ақша бермейтін "Шық бермес Шығайбай" боласыз деген сөз.
  • Түсте көп ақша көру және она есептеу – жақсылықтың нышаны. Жақын арада қиындықтар өз шешімін тауып, бәрі ойдағыдай болады деген сөз.
  • Түсте шетел ақшасын көру – ол ақшаны оңды-солды шашудың белгісі.
  • Ал көп қағаз ақша тауып алсаңыз, онда шығынға батасыз деген сөз немесе жаныңыздағы әйел адам сіздің ақшаңызды шашып, тақырға отырғызады деген сөз.
  • Біреуден алған ақшаны жұмсау – онда досыңыз сізді алдап, сіз оған сенуден қаласыз деген сөз.
  • Кез келген ақшаны қолдан жасау – жамандықтың белгісі, барлық қолға алған ісіңіз сәтсіз аяқталып, тіпті шығынға батуыңыз әбден мүмкін.
  • Ал сөмкеңізде ұсақ ақша жатса, онда ол сіз өмірге қанағаттанбай жүрсіз деген сөз.

Сол сияқты ақшаны ұсақтап жатқанда, оны жоғалтып алсаңыз, демек сізді сәтсіздіктер күтіп тұр; ал қайта санау – табыстың белгісі.

Ақша толы конверт ұстап тұрған адам
Конверттегі ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Лоффтың жоруы

Автор ақшаны табу немесе оны жоғалтып алу, я болмаса жұмсау сияқты ақшаға қатысты болжамды нақты, ашып айтпайды. Сол себепті ол түсте көрген оқиғаны сараптап, оған кімдердің қатысқанын білу маңызды дейді. Оның пайымынша, ақша әдетте оны өмір бойы жинаған адамдардың түсіне жиі кіреді екен. Мұндай адамдар қаржылық қиындық пен оларды дұрыс жұмсай алмаудан қиналады дейді ол. Сол себепті Лофф түсте ақша кіруге қатысты өз болжамдарын былай деп айтқан:

  • Түсте ақша алып жатсаңыз, жаныңызда кімдер бар, оны қалай алғаныңыздың бәрін еске түсірген абзал. Егер ақша беріп жатқан адам әділ әрі адал адам болса және сізге осы мінезімен ұнаса, онда ол адам сізге өз батасын берді деп есептей беріңіз.
  • Ал біреу келіп сізге ақшаны ұсынып жатса, онда сіздің біреуге көмектесуді ойлап жүргеніңізді білдіреді.
  • Жинаған ақшаңызды жоғалтып алсаңыз, онда сіз ақшаны өз қажетіңізге жұмсауды армандап жүрсіз деген сөз.

Фрейдтің жоруы

Психоанализдің негізін қалаушы түске ақша кіруді жыныстық қатынаспен байланыстырады.

  • Егер түсіңізде қағаз ақшаны немесе тиындарды біреуге беріп жатсаңыз, онда жаныңызда тұрақты серігіңіз болады деген сөз.
  • Ал түсіңізде ақшаға толы сөмкені тапсаңыз, онда сіз кездестірген ару немесе жігіт сізбен уақытша бірге жүр деген мағынаны білдіреді.
  • Нақты біреуден ақша алу – онда сіз сол жанға көңіл аударуыңыз қажет деген сөз.
  • Ер адам түсінде көп ақша көрсе, онда ол өзінің екінші жартысын қаржылай толық қамтамасыз етеді немесе қысқа мерзімге созылатын махаббат хикаясы болады деген сөз.
  • Сол сияқты Фрейд ақшаны жоғалтып алу – денсаулығыңыз сыр береді деген мағынаны білдіреді дейді.
Қапшықтағы тиындар
Тиындар. Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл болжамның барлығы тек танымдық мақсатта ұсынылып отыр. Сол себепті кеңестерді жүрекке жақын қабылдамай, түсіңізді жақсылыққа жоруды әдетке айналдырыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1776306-tsiizde-aksa-kru-neni-bildiredi/