Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсіңізде жылан көру нені білдіреді?

Опубликовано:

Түсіңізде жылан көру жақсылық емес. Адамдар шынайы өмірде жыланнан қалай қорықса, түсіңізде де ол өміріңізде болатын кейбір қатерлер туралы ескертеді. Сонник сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ назарларыңызға түс жору ұсынады.

Көрнекі фото:newsoboz.org
Көрнекі фото:newsoboz.org: Facebook

Егер жас келіншекті түсінде өлі жылан тістесе, бұл маңында жүрген адамның оған қастыс ойластырып жүргені.

Түсіңізде жылан өлтірсеңіз, мақсатыңызға жету үшін көп күш жұмсайтыныңызды білдіреді.

Егер жыланның үстінен аттасаңыз, онда денсаулығыңызға қауіп төніп тұрғаны. Айналадағы адамдар сізді өз ортасынан шеттетуге тырысып жүргені.

Ал жылан шағып алған болса, онда дұшпандарыңыз сізді өз қақпанына түсіреді деген сөз.

Түсіңізде жыланды ұстап тұрған болсаңыз, өңіңізде дұшпандарыңызды жеңіп шығатаныңыз.

Егер жыланның ұясын немесе жыланға толы өзен көрсеңіз, онда күтпеген жерде қиындықтар туындайтыны.

Үйіңізге жылан қаптаса, ол дұшпандарыңыздың отбасыңызға зақым келтіруді жоспарлап жүр.

Түсіңізде танысыңызға қарай бара жатқан жыланды көру, шынайы өмірде танысыңызды қатерден құтқарып қалатыныңызды білдіреді.

Түсіңізде жыланмен тілдессеңіз, шынайы өмірде барлық қиындықты жеңіп, дұшпандарыңыздың бетін қайтаратыныңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1776616-tsiizde-zylan-kru-neni-bildiredi/

pixel