Күтпеген үлкен жәрдем, қиындық, шығын: түсіңізде үй көру нені білдіреді
Жарияланған күні:
Әдетте түсінде үй көрген адамдар мұны жақсылыққа балап жатады. Сонымен үй туралы түстер нені меңзейді? Түс жорушылардың пікіріне сүйене отырып, түсіңізді бірге жорып көрейік.
Massaget сайтында жарық көрген мақалада мынандай түс жору келтірілген екен:
Түсіңізде үй жинап жүрсеңіз, жеке өміріңіз бен жұмыстағы қиындықтардан арыласыз.
Біреудің үй жинап жатқанын бақылап тұрсаңыз, шынайы өмірде біреудің ақысын жейсіз немесе өзіңізге тиесілі жұмысты өзге біреуге істетесіз. Бұдан өзге жалқаулығыңыздың арқасында көп ақшадан айырылып қалуыңыз мүмкін екенін білдіреді. Өте сақ болыңыз. Қызметте ешкімге сенбеңіз.
Егер үйдің лас еденін жуып жатсаңыз, көп ұзамай оның отбасылық өмірдегі қиындықтары шешіледі. Ал лас еденді көре тұра оны жумаған болсаңыз, шынайы өмірде көп қиындыққа тап боласыз.
Түсіңізде үйіңіздің ваннасын жуып жатсаңыз, көп ұзамай ауруыңыздан айығып, өмірлік жарыңызды жолықтырасыз. Түсіңізде жақсылап тазалаған сайын, шынайы өмірде жақсылыққа кенелетініңізді ұмытпаңыз.
Егер түсіңізде үй салып жатсаңыз, онда шынайы өмірдегі бастамаларыңыз дұрыс, жемісін көресіз.
Қымбат үйде тұрып жатқаныңызды көрсеңіз, ендеше өзіңізде оң өзгерістер болып, әлеуметтік жағдайыңыз жақсарады деген сөз.
Ескі, құлайын деп тұрған үй керісінше қиындықтардың, денсаулықтың нашарлауы жайлы ескертеді.
Егер түсіңізде үйіңізді таба алмай жүрсеңіз, үйіңіз жоқ болса, онда барлық бастамаларыңыз сәтсіз аяқталып, шығынға батқаныңызды білдіреді.
Тұрмыс құрмаған бойжеткен үйінен кеткенін көрсе, онда дұшпандары ол жайлы өсек тасып, қастық ойлап жүргенін ескергеніңіз абзал.
Ал zharar.com сайтында үй туралы түстер былай түсіндірілген:
Түсіңде үй жанып жатса, шығынға ұрынарсың.
Үй жөндеп жүрсең, шығын көп болады.
Үй жығылып, тозаң-шаңға кездесу – мирас алмақ, топырақта отыру – жақсылық іс болмақ.
Үй құлап жатса, ұрыс-керіс белгісі.
Үй салып жатса, ұтысқа кенелер, өмірде сәттілік көбейер.
Үй талқандалса, ренішке ұрынасың.
Үй тарылып кеткенін көрсең – аурудың белгісі.
Үй шатырын көрсең, табыс келеді.
Үй ішін сыпырып жүрсең, ашығасың.
"Түс жору" мақаласында түсіңізде есігіңізді ашып, үйіңізге ақ сақалды ата кіріп тұрса, бұл бақ-дәулеттің қонғанын білдіретіні жазылған.
Түс жору – адам баласына даритын сирек қасиет. Түсті мүмкіндігінше көрген-түйгені мол, ақыл тоқтатқан кісіге жорытқан ләзім. Әзілдесіп ойнайтын құрдастарға, ойланбай сөйлейтін бала-шағаға айтпаған жөн. Дегенмен жақсы түске де, жаман түске де садақа беру керек.
Егерде түсіңізде, балконда қорқып тұрсаңыз, қуанышқа кенелесіз.
Түсіңізде балконнан кіріп жатсаңыз, тілегіңіздің орындалғаны.
Баспалдақтан төмен түсу – жайсыздық;
Егер түсіңізде баспалдақпен жоғары шығып бара жатсаңыз, қызметіңіз өседі;
Есік ашылса, жеңіс.
Жабық есікті көрсеңіз, тоқырау.
Зәулім үйдің сыртынан көру – күтпеген үлкен жәрдем.
Зәулім үйдің ішіне кіру – жаңа мүмкіндік пен берекеге қол жеткізесіз.
Лашық көрсеңіз, көмек аласыз.
Сарай көресіңіз, күтпеген жәрдем келеді.
Үй – жаңа іс, сәттілік, құрмет.
Үй алсаң – асығың алшысынан түседі.
Үй салсаң – байлық.
Қандай түс көрсеңіз де әрдайым жақсылыққа жорып, жайсыз түсті көңілге алмаған жөн деп кеңес берер едік. Кейбір жағымсыз түстер шаршағаныңыздан хабардар етуі мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1776869-tsiizde-j-kru-neni-bildiredi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.