Жолаушылар үшін өмірін қатерге тіккен қайсар стюардессалар кімдер?
Жарияланған күні:
Бортсерік болғысы келетін адамдар көбіне алыс мемлекеттер, адамдармен танысу және біркелкі киім үлгісін армандайды. Ал бұл мамандықтың қауіпті екені ешкімді ойландыра қоймайды. Дегенмен ұшақтағы қауіп бұлттардың үстінде емес, ұшақтағы адамдардардан келуі мүмкін. Бұл туралы bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Нирья (Нирджа) Бганотт- 360 жолаушыны құтқарған үнді бортсерігі
Үндістандық 23 жастағы бортсерігі Нирья 360 жолаушыны құтқарамын деп өз өмірін қиған. Бұл оқиға Пәкістанның Карачи қаласында орын алған. PAN AM 73 ұшағын радикалды исламистер басып алған. Сол кезде Нирья ұшқыштарға барып, ұшақты ұшырмау қажеттігін айтып үлгерген.
Лаңкестер ұшақтағы жолаушылардың ішінен америкалықтарды өлтіру үшін олардың құжаттарын сұрапты. Ал қайсар бортсерік АҚШ азаматтығы бар жолаушылардың құжаттарын орындықтардың астына тығып қойған екен. Cоның арқасында борттағы барлық адам аман қалған.
Ал полицейлер келіп, лаңкестерді тоқтатуға әрекеттеніп жатқанда Нирья жалғыз өзі жолаушыларды ұшақтан түсіреді. Соңында қалған өзі шығайын деп жатқанда орындық астына тығылып қалған үш балақайды көрген. Артынша ол бүлдіршіндерді қорғаймын деп кеудесін оққа тосады. Үш баланы ұшақтан әрең шығарған бортсерік артынша көз жұмған.
Надежда Курченко- лаңкестермен шайқаста қаза тапқан кеңестік бортсерік
1970 жылдың 15 қазан күні 19 жастағы Надежда Курченко ұшақты басып алмақ болған лаңкестермен шайқаста көз жұмған. Надежда болған Ан-24 ұшағы Батуми-Сухуми бағытында жарты сағат қана ұшу керек болған. Алайда, көкке көтерілген соң бесінші минутта бір жолаушы Надеждаға хат беріп, командирге апарып беруді тапсырады. Алайда екі секунд өтпей, ол бойжеткенге атыла бастайды. Сол мезетте бір нәрсе дұрыс емес екенін түсінген Надежда ұшқыштар каютасының есігін жабады.
Лаңкес жас бортсерікті итергенімен, бойжеткен орнынан тапжылмай қояды. Осы тұста есік артында төбелес болып жатқанын сезген ұшқыш лаңкесті аяқтан құлату үшін ұшақты ары-бері, оңға-соңға бұра бастайды. Алайда осы мезетте шабуылшы борсерікті екі рет атып үлгереді.
Виктория Зильберштейн- ұшақ апатында жолаушыларды құтқарған бортсерік
Виктория көз жұмған күні ұшақ Иркутск қаласына бет алған. Қалыпты түрде көкке көтерілетін әуе лайнері сол күні ұзақ уақыт тоқтамай қойған. Осы тұста Виктория ұшақтан түтін шыққанын, жарық өшкенін байқаған.
Сол уақытта, бірінше кезекті жолаушыларды ойлаған бортсерік эвакуациялық шығу есігінен люкті ашқан. Адамдар арнайы киімдермен сыртқа шыға бастаған. Олардың барлығын Виктория шығарып, ең соңында өзі шыққан.
Ол ауруханада миның шайқалғанын естіген. Алайда, жарылған ұшақтан жолаушылар тек Викторияның арқасында аман қалыпты.
Шейла Фредерик- жас қызды сексуалды қорлықтан сақтап қалған
Шейла ұшақта отырған жолаушыларға қалыпты қызмет етіп жүреді. Алайда, сол уақытта бір жұп оның назарына іліге бастайды. Онда әкесі мен қызы отырған сияқты болғанымен, кішкентайдың көзінде үрей байқалады.
Сол мезетте Шейла балақайды дәретханаға алып барады онда бортсерік кімге көмек қажет екені туралы хат қалдырып кетеді. Ал бүлдіршін сол кезде өз өтінішін жазып кеткен.
Ұшақ қонған сәтте қылмыскерді полиция күтіп тұрады. Анықталғандай, қызды расымен өз еркінен тыс алып бара жатқан екен.
Мор Леви мен Ницан Рабинович-израильдік бортсеріктер
Израильдік бортсеріктер Ницан Рабинович пен Мор Леви 80 жастағы азаматты өлімнен құтқарып қалған. Ол уақытта қыздар Бейжің әуежайында болған.
Екі стюардесса өз ұшақтарына бара жатқанда, Ницан ұялы телефонын жоғалтып алғанын байқайды. Осылайша, екі қыз телефонды іздеу үшін метро бекетіне қайтады.
Ал қос бортсерік бекетке келгенде ес-түссіз жатқан қарияны көреді. Олар қарттың тамыры соқпай тұрғанын байқап, бірден өкпесіне жасанды дем беруге кіріседі. Ал Мор адамдарға әуежайға жүгіріп, дефибиллятор әкелуді сұрап, өзі бірден жедел жәрдем шақырады. Осылайша, екі қыздың дер кезінде көмек көрсетуіне байланысты қария аман қалып, дәрігерлер келгенше көзін ашады.
Қытайлық азаматты құтқару бортсеріктердің 30 минут уақытын алған. Артынша арулар өз рейстеріне де үлгерген екен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1777035-zolausylar-sin-mirin-katerge-tikken-kajsar-stuardessalar-kimder/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.