Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сегізінші қаңтарға арналған жұлдыз жорамал

Опубликовано:

Бүгін болашағыңыздың негізі қаланатын күн. Алдыңызға мақсат қойып, оған жету жолдарын қарастырыңыз. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жетінші ақпанға арналған жұлдыз жорамалды назарыңызға ұсынады.

Сегізінші қаңтарға арналған жұлдыз жорамал
Көрнекі фото: pravda.ru: Getty Images

1.Тоқты

Өміріңізді барлық артық нәрседен тазартыңыз. Ескі заттардан бастап, көңіліңіз толмайтын қарым-қатынасқа дейін. Қандай да бір ұсыныс алсаңыз, жауабын қайтаруға асықпаңыз.

2. Торпақ

Табыс тауып немесе қарыз қайтарылуы мүмкін. Сауда жасасаңыз сәтті болады. Бірақ электронды техника алмаған дұрыс. Миыңызды шаршататын жұмыс істемеңіз.

3. Егіздер

Жаңа адамдармен танысыңыз, алға мақсат қойыңыз. Өткенді ұмытып, болашаққа деген құлшынысыңызды арттырыңыз.

4. Шаян

Сезімдеріңізді білдіруге ұялмаңыз. Жанжалдардан бойыңызды аулақ ұстап, тағдырыңызға шағымданбаңыз. Сізге тынығу керек. Ол үшін театрға барыңыз, достарыңызбен кездесіңіз. Мұның бәрі көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

5. Арыстан

Бүгін жаңа адамдармен танысқан дұрыс. Көп адам сізге қызығып, танысуды қалайды. Нәтижелерге талдама жасап, болашаққа жоспар құрған дұрыс. Кешке достарыңызбен кездесіңіз немесе туыстарыңыздың үйіне қонаққа барыңыз.

6. Бикеш

Бүгін өмірлік жоспарларды қайта қарау керек. Егер жоспар бойынша ғана әрекет етемін десеңіз, түк шықпайды. Кейде жағдайға қарай өзгере білу керек, сонда жетістікке жетесіз.

7. Таразы

Бүгін өзіңізді бірінші орынға қойыңыз. Қуаныш сыйлайтын нәрселермен айналысыңыз. Жаман әдеттерден арылу үшін қолайлы күн. Салмақ тастағыңыз келсе, ем-домды бүгін бастаған дұрыс.

8. Сарышаян

Белсенділік танытып, жаңа бастамаларды қолға алу үшін тамаша күн. Тәуекелге баруға болады. Өзіңізге сенімді болсаңыз, ала алмайтын белесіңіз болмайды.

9. Мерген

Қаржылық мәселені шешу үшін қолайлы күн. Несие мен қарыз алмаңыз. Біреулермен ұрсысып, қуатыңызды тауыспаңыз.

10. Тауешкі

Қосымша табыс көздерін іздеу үшін қолайлы күн. Ұстанымдарыңыздан ауытқымаңыз, ешкімді сөкпеңіз. Өзіңізге сеніп айтылған құпияларды жайып салып жүрмеңіз.

11. Суқұйғыш

Өзіңізді қатты қажытпаңыз. Жұмыс барысында да тынығып алуға тырысыңыз. Маңызды мәселелерді шешуді кейінге қалдырыңыз. Энергияңызды бос әңгіме пен дауға сарқылтпаңыз.

12. Балықтар

Таңертеңнен бастап көптен бері қолыңыз жетпей жүрген мәселелерді шешіңіз, әйтпесе қаржыңыздан айырыласыз. Күннің екінші жартысында маңызды хабар алуыңыз мүмкін. Денсаулығыңызды күтіп, дәрумен ішкен абзал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1777388-segizinsi-katarga-arnalgan-zldyz-zoramal/

pixel