Ерлердің қандай сөзі әйелдер қауымына аса ауыр тиеді?
Жарияланған күні:
Әйелдер қауымы табиғатынан аса нәзік әрі сезімтал болып келеді. Оларды ренжітіп алу да оп-оңай. Алайда, көпшілік қыз-келіншектердің өкпені тез ұмытып, тез кешіруге бейім екенін ұмытпаған жөн. Бірақ, нәзік жандыларда бірден кешіре бермейтін, тіпті үзілді-кесілді араласпай кететін жағдайлар да болып тұрады. Себебі, ерлердің кейбір сөзі олар үшін аса ауыр тиіп жатады деп жазады segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Оқырмандар назарына қыз-келіншектерді қатты ренжітетін сөздер топтамасын ұсынамыз. Ерлер қауымына мұндай қателікті бой алдырмауға шақырамыз.
"Сен айқайлап жылай бастасаң, сенімен сөйлеспеймін"
Ол сізді жылатып тастап, мәселені шешуден бас тартуда. Реніштің салдарынан кез келген адам жылағысы келеді. Алайда, олай істемеген жөн. Нәтижесінде ол сені жеңді. Оған қоса, есікті жауып кетіп қалды
"Досымның әйелі болса"
Әдемірек. Таланттырақ. Тамақты жақсы әзірлейді. Мұндай сөзді естіген әйел өзін ұсқынсыз сезінеді.
"Мен мұндай жаман болсам, кетіп қалмайсың ба?"
Ол сізге айырылысайық деп тұр дейсіз ба? Жоқ. Бұлайша ол сіздің сезіміңізді тексеріп көрмек. Оған қоса, ерлер бұл жағдайда оны қалай жақсы көретінін айтқаныңызды қалайды.
"Қалжын ғой!"
Өте танымал әрі аса қатты ренжітетін сөз! Бұл қарпайым сөз сан түрлі қарым-қатынасты тоқтатты. Ғашықтардың айырылысуына себепкер болды.
- "Ерекше күндерінде" сондай мазасызсың, ессіз қылық жасайсың"
Бұл ер адамдар бой алдыратын нөмірі бірінші қателік болса керек. Етеккір күндерін еске салу мүлде жақсы нәрсе емес. Бұл сөздерді айтып қойсаңыз, әйелдерден тек қана ашу-ыза күтіңіз.
"Есіңде жоқ сенің"
Өзі жайлы жаман естелік қалдыратын оқиғаны еске алғанда, ерлер үшін сүйіктісін кінәлай салған абзал. Бұл сөздер де көпшілік арулардың шамына тиетіні сөзсіз.
- "Менің бұлай істегеніме сенің әрекетің кінәлі"
- Кінәні қызға арта салудың ең оңтайлы жолы емес пе? Ешкімге өзіңізге дауыс көтеруге рұқсат бермеңіз!
- "Сені ренжітіп алдым, сол үшін міне гүл саған"
Болмаса жаңа аяқ киім, ақша. Бұлайша, ол өзінің қателігін жуып-шаймақшы болуы мүмкін. Оған қоса, ойна келгенін істеп, сол үшін пара бере кешірім сұрау әдет болып кетіп жатады.
"Бір-ақ рет болған"
Сіз оның опасыздығын кешіріп, оны қайта қабылдадыңыз. Бұл сіздің қателікті кешіріп, алға қарай ұмтыла алатыныңызды білдіреді. Алайда, бұдан кейін ол өз қатесін қайталап, оған қоса, сізді күдіктенгеніңіз үшін айыптауға құқысы жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1778310-erlerdi-kandaj-szi-jelder-kauymyna-asa-auyr-tiedi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.