15 ақпанға арналған жұлдыз жорамал
Жарияланған күні:
Бүгін жаңа іс бастауға болмайды. Күнделікті шаруалармен айналысып, дау-дамайға араласпаңыз. Кешкі уақытты отбасыңызбен өткізіңіз. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 15-ші ақпанға арналған жұлдыз жорамалды назарыңызға ұсынады.
1. Тоқты
Бүгін көптеген жеңістерге қол жеткізесіз. Мансабыңыз өсуі ықтимал. Өз бетіңізше жұмыс істейтін болсаңыз, шабытыңызды шектемеңіз. Іскерлік өмірде де, жеке өмірде де жаңа нәрселерді сынаудан қорықпаңыз.
2. Торпақ
Жұмыста абай болыңыз. Біліктілігіңізді көрсете білсеңіз, маңызды кездесуге бару мүмкіндігі артады. Жұмысты ауыстыруды жоспарлап жүрген болсаңыз, жақсы мүмкіндік туындауы мүмкін.
3. Егіздер
Бүгін артық сөз айтпаған жөн. Сізді дұшпандарыңыз басқалардың көзінше қаралауы мүмкін. Кешкіге жоспар құрған кезде денсаулығыңызды ескеріңіз.
4. Шаян
Бүгінгі күн сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңызда шешуші рөл атқаруы мүмкін. Кәсіби салада да осындай жағдай қалыптасуы ықтимал. Жақындарыңыздың жылуы жеткіліксіз екенін сезінесіз. Өзіңізге бір нәрсе сатып алып, кішігірім сыйлық жасаңыз.
5. Арыстан
Бүгін көңіл-күйіңіз тұрақсыз болады. Бұрынғы әуестігіңіз кәдеге жарап, сізге пайдасын тигізуі мүмкін. Сонымен қатар6 қажетсіз затты жақсы бағаға сату мүмкіндігі жоғары. Жалпы күн сәтті өтеді.
6. Бикеш
Бүгін күрделі мәселелер шешпеңіз. Басқалардың мәселелерін шешемін деп біреудің қуыршағына айналуыңыз мүмкін. Өз мәселелеріңізге көңіл бөліңіз.
7. Таразы
Бүгін жаныңыз демалуды қалайды. Сондықтан жатып демалыңыз, жақын достарыңызбен әңгіме-дүкен құрыңыз немесе табиғатқа серуенге шығыңыз. Ал жұмыс бабына байланысты тыныға алмасаңыз, мойныңызға көп жүк артпаңыз.
8. Сарышаян
Бүгін көптеген жағымды жайттар орын алады. Романтикалық кездесулер мен жаңа таныстықтар мүмкіндігі жоғары. шығармашылық пен кәсібіңізге қажетті серік табуыңыз ықтимал. Сондай-ақ күтпеген жерден жаңа табыс көзін табуыңыз мүмкін.
9. Мерген
Басқалар жете алмайтын жерге аттанасыз. Бүгін романтикалық таныстықтар болуы мүмкін. Үйленген болсаңыз, сақ болыңыз, жалған сезімнің соңынан кетіп, сан соғып қалмаңыз.
10. Тауешкі
Бүгін екі есе көп жұмыс істеуге тура келеді. Бәлкім бұл істі тезірек аяқтауға деген құлшынысыңыздан. Кешке дүкен араласаңыз, қажетті заттарды төмен бағамен алу мүмкіндігі болады.
11. Суқұйғыш
Шаруаларыңыз бастан асады. Жылжымайтын мүлік пен қаржыға байланысты дау туындауы мүмкін. Бүгін өміріңізге қандай да бір өзгеріс енгізудің қажеті жоқ.
12. Балықтар
Күнделікті бітпейтін шаруаның астында қалып қоймаңыз. Ойларыңыз бен әрекеттеріңізге мән беріңіз. Өмір ағымымен жүре бермей, өз бақытыңызды қолға алыңыз. Мүмкіндік болса, үйден шықпай, демалыңыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1778571-15-akpanga-arnalgan-zldyz-zoramal/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.