RU

Жабайы шошқа талдырмаш мүсінді арудың бөксесінен тістеп алды

Танымал фитнес модель Мишель Левин Instagram парақшасында өзін шошқа тістеп жатқан видеосын жариялап жұртты таңырқатты. Жабайы жануар талдырмаш мүсінді арудың бөксесін тістеп алған деп жазады segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Instagram, скриншот. Коллаж: NUR.KZ
Фото: Instagram, скриншот. Коллаж: NUR.KZ: Facebook

Мишель жариялаған бейнежазбада жабайы шошқа суретке түсіп жатқан бойжеткенді бөксесінен тістеп алғанын, ал оның жан даусы шыққанын байқауға болады.

Мишель Левин жануардың өзіне шабуылдайтынын мүлде күтпеген.

Айта кетерлігі, Багам аралдарында шошқалар көптеп кездеседі. Туристер бұл жерге осы жануарлармен суретке түсу үшін жиі келіп тұруды әдет қылған.

Бар-жоғы бірнеше күн ішінде Мишель Левин жүктеген видео бес миллионнан астам қаралым жинап, мыңдаған пікірлерге ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1778831-zabajy-soska-taldyrmas-msindi-arudy-bksesinen-tistep-aldy/