Қандай жігіттер төсекте қайталанбас ләззатқа бөлей алатынын білесіз бе?
Жарияланған күні:
Төсекте әйелді қайталанбас рахатқа бөлеп, ерекше ләззат сыйлайтын жігіттер туралы білесіз бе? Оларды қалай бірден аңғаруға болады? Бұл сұраққа Ernur.kz сайты жауап береді.
Өзінің тәнін игере алатын жігіттер
Егер еркек керемет билеп, әуен ырғағына түсе алатын, яғни, өз тәнін игере алатын болса, олар төсекте аруын өкпелетпейтін көрінеді. Ал жігіт ебедейсіз болса, ол төсекте де епті бола бермейді екен.
Үстінен жұпар аңқыған жігіттер
Әйел мен еркек бір-бірін иіс арқылы табады. Жұп болуға үйлесімді екі жанның бір-бірімен иісі де сәйкес келуі керек екен. Ол иіссудағы талғамы емес, табиғи иісі. Иә, әр адамның өзіне тән иісі болады. Тән жақындығы үшін бұл иістің де ұнауы маңызды.
Тосынсый жасай алатын еркектер
Егер еркек әйелді түрлі тосынсыйлармен таңдандыра алатын болса, олардың жыныстық қатынастағы "тосынсыйы" да жаман болмайды. Демек, ол - романтика дегеннің не екенін түсіне алатын жан.
Түкті жігіттер
Статистика бойынша, жүрегінде ғана емес, денесінде де түгі бар жігіттер қызуқанды болып келеді. Бірақ, бұл еркекттердің жалпы тәнінде түгі көп болуы тиіс деген сөз емес.
Өзіне сенімді еркектер
Өзіне сенімді болу деген қай кезде де жақсы, қашан да бағаланады. Екі аяғына нық тұрып, сөйлеген сөзіне дейін сенімді шығатын еркектер өздерін еркін ұстайды. Ал жыныстық қатынасқа келгенде кідіріп қалатындардың сенімсіздігі ұяңдық немесе ашыла сөйлеспеу, көпшілік ортада шеттеу тұратындығынан-ақ белгілі болады.
Ас ішкенде асықпайтын еркектер
Егер еркек тамақтанғанда апыл-ғұпыл, қалай болса солай аузына бұралақтай тығып жейтін болса, ол төсекте де солай. Онымен төсекте "ыстық" болуы мүмкін, бірақ асығыстық пен шыдамсыздықтан рахаттың дәмін татып үлгермей қалуы да ғажап емес. Ал алдына қойған асты талғаммен, түрлі дәмдеуіш-тұздықтармен сәнін келтіріп жейтін еркектер осы қалпын төсекте де сақтайды.
Жаны жомарт жігіттер
Бұл жерде мәселе ақшаға келгенде қолы ашықтарға қатысты емес. Егер еркек жақсы сөз, керек кеңестер мен көмектесу, қол ұшын созу сияқты іс-әрекеттерге жаны құмар, жүрегі ашық болса, ол өзін төсекте де солай ұстайды. Аймалап сүюге, тәтті сезіммен баурап алуға сараң бола алмайды. Бар қуатын арнайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1779136-kandaj-zigitter-tsekte-kajtalanbas-lzzatka-blej-alatynyn-bilesiz-be/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.