Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

19 ақпанға арналған жұлдыз жорамал

Опубликовано:

Бүгін жаңа жобаларды бастау үшін таптырмайтын күн. Іскерлік белcенділігіңіз артады. Сондықтан тиянақтылық пен жинақылықты қажет ететін шаруалармен айналысыңыз. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 19-шы ақпанға арналған жұлдыз жорамалды назарыңызға ұсынады.

19 ақпанға арналған жұлдыз жорамал
Көрнекі фото:clutch.ua: Instagram

1. Тоқты

Ресми істерде жетістікке жетуіңіз мүмкін. Жұмыс іздеп жүрген болсаңыз, бірнеше жақсы ұсыныс түседі. Таңдау жасағанда тек ұтымды жағын ғана ойламаңыз. Жан дүниеңіз де қалайтын жұмыс болсын. Кешкісін жаттығу жасаңыз немесе массажға барыңыз.

2. Торпақ

Бүгінгі күн сіз үшін қиындықтарға толы болуы мүмкін. Жұмыс, отбасы және туысқандардың ортасында жүгіруге тура келуі мүмкін. Хауыз немесе саунаға барсаңыз, шаршауыңыз тез басылады. Кешкі уақытты демалуға арнаңыз.

3. Егіздер

Өзімшілдікке салынбаңыз. Басқаларға жақсы әсер қалдырамын деп қиындықтарға тап болуыңыз мүмкін. Басқасы жопарыңыздай болады. Бүгін іскерлік келіссөздер жүргізуде, инвесторлар тартуда және романтикалық қарым-қатынаста жолыңыз болады.

4. Шаян

Бүгін байыпты және жемісті күн болады. Ең бастысы ұсақ-түйек нәрселерге мән бермей, біреудің мәселелерін шешуге тырыспау. Мақсат қойып, соған жетудің жолдарын қарастырыңыз. Таныстарыңыз қолдау көрсетеді. Кешті сыртта өткізсеңіз, өте қажетті өмірлік тәжірибе жинауыңыз мүмкін.

5. Арыстан

Бүгін ұсақ-түйек нәрселерге көңіл аударыңыз. Топта жұмыс істеп, беделіңіздің төмен екеніне көз жеткізуіңіз мүмкін. Сүйіктіңіздің немғұрайлығына және балаларыныңыздың тіліңізді алмағанына ашулануыңыз мүмкін. Дегенмен сабырлы және шыдамды болыңыз. Достарыңызбен уақыт өткізсеңіз, көңіл-күйіңіз көтеріліп, сергіп қаласыз.

6. Бикеш

Бүгін сезімдеріңізге ерік бермеңіз, әсіресе жұмыс, жаңа инвестор немесе іскерлік серіктес іздеп жүрсеңіз. Жеке басыңыздың мәселелеріне келгенде сабырлылық, даналық танытыңыз. Адамдарды қаз-қалпында, барлық кемшіліктерімен бірге қабылдауды үйреніңіз.

7. Таразы

Бүгін жеткен жетістіктеріңізге қанағат етіңіз. Жетістіктеріңіз аз болса, жалқаулығыңыздан көріңіз. Жұмыста да, жеке өмірде де сәттілік күтіп тұр. Бизнеспен айналысқан болсаңыз, жаңа идея іздеңіз. Көп ұзамай жетістікке жеткізетін идеялар табуыңыз мүмкін.

8. Сарышаян

Сізді бүгін жоспарланбаған сапарлар күтуі мүмкін. Қызықты кездесулер мүмкіндігі жоқ емес. Өмірлік серігіңізді таппаған болсаңыз, қарсы жынысқа қызығушылығыңызды білдіруге жасқанбаңыз. Бүгін сүйіктісі барларды да қолайлы күн күтіп тұр. Сіз үшін романтика кезеңі басталады.

9. Мерген

Бүгін көңіл-күйіңіз болмайды. Адамдармен жұмыс істесеңіз, ұжымдық жобаны іске асырып жатсаңыз, бүгін өзіңізге демалыс жариялаңыз. Ондай мүмкіндік болмаса, сезімдеріңізді құрсауда ұстаңыз. Басқа мәселелерде қиындықтар туындамайды.

10. Тауешкі

Бүгін кішігірім еркеліктеріңіз кешіріледі. Сүйіктілеріңізді дәмді тағаммен қуантып, кішігірім саттар сатып алып немесе бейтаныс адамдармен қылымсуға болады. Біраз тапқырлығыңызды іске қоссаңыз, дұшпаныңызды немесе көре алмай жүрген адамды өзіңізге ғашық ете аласыз. Жоспарыңызда ұнатып жүрген адамды өзіңізге қарату жоспарда болса, дереу әрекетке көшіңіз.

11. Суқұйғыш

Бұл күн сіз үшін өте табысты болады. Ағымдағы жоспарды сәтті аяқтап, жаңа келісімшарт жасаудың мүмкіндігі туады. Жеке басыңыздың мәселелерін шешуге де өте қолайлы уақыт. Бұл жетістіктер болашақтағы үлкен асуларыңыздың бастамасы.

12. Балықтар

Бүгін өзіңізге де, атқарған істеріңізге де көңіліңіз толады. Топпен бірлесе атқарған істерде жетістікке жетесіз. Күннің екінші жартысын өмір жайында ойланып-толғануға арнаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1779174-19-akpanga-arnalgan-zldyz-zoramal/

pixel