Мәңгі мұз құрсауында қалған жұмбақ Антарктида жайлы не білеміз?
Жарияланған күні:
Біздің планетамыздың Оңтүстік поляр аймағында түгелдей қалың мұз басып жатқан Антарктида материгі жатыр. Бір қызығы аумағы 14 107 000 км² алып жатқан құрлық ешбір мемлекетке тиесілі емес. Ол жерге тек жұмбақ материкті зерттеуге құлшыныс танытқан ғалымдар ғана ат басын бұрады. Осы орайда bigpicture.ru сайты мәңгі мұз құрсауында қалған құрлық жайлы қызықты деректерді назарыңызға ұсынады.
1. Антарктида — әлемдегі ең үлкен шөл дала. Антарктиданың қуаң алқаптарында екі миллион жылдан бері жаңбыр жаумаған.
2. Антарктида — бауырымен жорғалаушылар мекендемейтін әлемдегі жалғыз континент.
3. Жер бетіндегі тұщы судың 90 пайызы Антарктидада.
4. Антарктидада ақ аюлар жоқ. Олар тек Арктикада ғана мекендейді.
5. Антарктида — жер бетіндегі ең суық, құрғақ әрі желді құрлық.
6. Антарктидаға бару үшін міндетті түрде соқыр ішегіңізді алдырып, ақыл тісіңізді сау болса да, жұлдырып баруыңыз шарт. Себебі, ол жақта ауырып қалған жағдайды дер кезінде көмек көрсететін орын жоқ.
7. Антарктидалық мұз қалқаны пайда болғанына шамамен 40 миллион жыл.
8. Антарктида — сағат белдеулері жоқ жалғыз материк.
9. Антарктидада 1994 жылдан бері жегетін иттерді пайдалануға тыйым салынған.
10. Бүкіл Антарктидада бір ғана банкомат бар.
11. Антарктидада Чилиге тиесілі қала бар. Ол жерде мектеп, аурухана, қонақ үй, почта, интернет, телевидение тіпті ұялы телефон байланысы да бар.
12. Антарктидада 40 миллион жыл бұрын Калифорниядағыдай күн жылы болған.
13. Антарктидада қан сияқты сарықарама бар. Оның қызғыл түсті болуы себебі темірдің ауамен тотығуынан.
14. Антарктидада жеті шіркеу бар.
15. Ең жоғарғы температура 14.5° С осы Антарктида тіркелген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1780307-mgi-mz-krsauynda-kalgan-zmbak-antarktida-zajly-ne-bilemiz/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.