Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Интрига": Ерке Есмаханның өзінен 10 жас кіші әнші жігітпен көңіл қосқаны рас па?

Опубликовано:

"Қайда, қайда" деп өмірлік серігін іздеп жүрген Ерке Есмахан жүрегінің жартысын тапқан секілді. Жалғызбасты ананың таңдауы "Самая вышка" әнімен шоу-бизнес әлемінде аты шыққан Райымбек Бақтыгереевке түскен көрінеді. Анықталғандай, биыл 32-ге толатын әншінің "сүйіктісі" өзінен 10 жас кіші. Бұл туралы "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ
Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ: Instagram

Ерке Есмахан мен Раймды көпшілік жаңа жұлдызды жұп қатарына қосып үлгеріпті. Ел арасында бұл әншілердің кездесіп жүргені жайлы қауесет тарап кеткен.

22 жастағы әнші жігіт бір ұл тәрбиелеп отырған Ерке Есмаханның жүрегін жаулай алған көрінеді. Күтпеген жерден танымалдылыққа ие болған жігітті сүйіктісінің өзінен он жас үлкендігі мен бұрын тұрмыста болғаны тоқтатпаған сыңайлы.

Оған қоса, желі оқырмандарының пайымдауынша Райм жаңадан шыққан "Интрига" әнін Ерке Есмаханға арнаған.

Әзірге әншілердің өздері қарым-қатынастарына қатысты ресми мәлімдеме жасамады. Олар кездесіп жүргенін не растап, не жоққа шығарған да жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1780365-intriga-erke-esmahanny-zinen-10-zas-kisi-nsi-zigitpen-kil-koskany-ras-pa/

pixel