Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі түрлі мағынасы бар: түсіңізде адасып жүрсеңіз не болады

Жарияланған күні:

Компас
Компас. Көрнекі фото: pixabay.com

Түсіңізде адасып кетсеңіз, өңіңізде табысқа кенелесіз. Бірақ түс жорушылар қайда адасқаныңа да мән беру керек екенін айтады. Адам түсінде бөтен үйде адасып жүрсе, өңіңізде өміріңізге өзгеріс алып келетін адамды кездестіруіңіз мүмкін. Бұл тұрғыда басқа түс жорушылар не дейді?

Еnigma-project сайтындағы түс жоруға сүйенсек, түсіңізде адасып кетсеңіз, ондай түсті жору үшін ұсақ-түйекке, қай жерде, қандай жағдайда адасып жүргеніңізге мән беру керек екенін бағамдауға болады.

  • Егер түсіңізде жай адасып жүргеніңізді көрсеңіз, онда сізді алда табыс күтіп тұр. Алайда достарыңыздан көмек күтпеңіз.
  • Ал егер орманда адасып кетсеңіз, онда шынайы өмірде тығырықтан шығар жол таппай жүргеніңіз. Ну орман болса, онда отбасында, жұмыста келеңсіздіктер болады деген сөз.
  • Ал тауда адасқан болсаңыз, керісінше сізді жетістіктер күтіп тұр.
  • Адасып жүріп, адамдарды іздеп жүрген болсаңыз, онда көптен күткен ақпаратқа естисіз.
  • Бөтен үйде адасып жүрсеңіз, болашақта өміріңізге өзгерістер енгізетін адаммен кездесесіз. Мұндай түс оған сенуге асықпау керегін ескертеді.
Лабиринт
Лабиринт. Көрнекі фото: pixabay.com
  • Лабиринтте адассаңыз жақын арада тым қиын сұраққа тап боласыз, оны шешу үшін бар күшіңіз бен ақылыңызды жұмсауыңызға тура келеді.
  • Егер танысыңыздың адасып жүргенін көрсеңіз, онда болашақта оған көмегіңіз қажет болады деген сөз.
  • Қаланың ішінде адасып жүрсеңіз, онда көп ұзамай сізге өте жақсы ұсыныс түседі.
  • Бейіттің ішінде адассаңыз, өміріңізде қиындықтар басталып, достарыңыздың көмегі қажет болады.
  • Әуежайда адасу алда сапар күтіп тұр деген сөз. Мектепте - болашаққа жоспарыңыз жоқ екенін білдіреді.
  • Адасып жол таппасаңыз, онда көздеген мақсатқа жету үшін көп күш жұмсауға тура келуі мүмкін.
"Түстің екі түрлі мағынасы бар: жаман және жақсы. Әуелі ұйқыдан тұрғанда қандай көңіл-күйде болғаныңызды еске түсіріңіз. Егер қабағыңыз түюлі болса, жолыңызда қиындықтар шығатынын білдіреді: дұшпандардың мазағы мен өсегіне айналасыз. Қуанышты көңілмен оянсаңыз, керісінше, істеріңіз алға басып, табыс пен жеңіске ие боласыз", - делінеді "Түсіңде адасып кету нені білдіреді" мақаласында.

Silteme ақпараттық-сараптамалық порталындағы түс жоруда былай делінеді:

  • Түсінде жолдың шетінде жүргенін көрген адамның дініне салғырт қарайтындығын білдіреді.
  • Түсінде жол үстінде тура жүргенін көрген адамның саудада жолы болады.
  • Жолынан адасып кеткен адам – сауапты іс пен дінінен айрылады. Егер қайта тауып алса – тура жолды табады.
  • Жолда қалай қарай жүрерін білмей басы қатса – нәпсісін тәрбиелей алмай жүрген адамды білдіреді.
Тасжол
Тасжол. Көрнекі сурет: freepik.com
  • Қараңғы жолдан жүрген адам – тура жолдан ұзақтайды.
  • Қараңғы жерден жарыққа шыққан адам – тура жолға түседі.
  • Түсінде үлкен даңғылда жүргенін көрсе, материалдық және рухани қиыншылықтардан қиындықсыз өтетінін және өмір жолында сенімділікпен жүретінін білдіреді.
  • Даңғылда емін-еркін жүргенін көрсе, ешқандай қиындық болмайтынын, ал әрең жүріп келе жатқанын көрсе – кейбір қиыншылықтар кездесетінін білдіреді.
  • Екі шетінде ағашы бар даңғылдың бойында жүрсе, ғалым немесе беделді адамнан жәрдем алатынын білдіреді.
  • Таза әрі реттелген даңғыл – мемлекеттегі істердің жақсы болатынына жорылады.
  • Даңғылдан шығу – қиыншылықтан құтылатынына, тірлігінің алға басатынының белгісі.

Түсіңізде адасып жүргенеңіз ұшы-қиыры жоқ ойдың жетегінде жүргеніңізді де білдіруі мүмкін. Терең ойға берілгеннен әрекетке көшкен әлдеқайда тиімді деп ойламасыз ба?...

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1782122-tsiizde-adasyp-ketu-neni-bildiredi/