13 наурызға арналған жұлдыз жорамал
Жарияланған күні:
Бүгін өзіңізді тану үшін өте қолайлы күн. Өткен қателеріңізге талдау жасап, болашаққа жоспар құрыңыз. Оракул сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ 13-ші наурызға арналған жұлдыз жорамалды назарыңызға ұсынады.
1. Тоқты
Тынығып, өміріңізге баға беретін күн. Бұрын жіберген қателерге талдау жасап, оларды қайталамауға тырысыңыз. Өзіңізді танып, рухани жағынан даму жолдарын қарастырыңыз.
2. Торпақ
Бүгін оқшауланып, өзіңізбен өзіңіз болғыңыз келеді. Бұл күнді тиімді өткізуге болады. Өміріңізге талдама жасап, болашақ жоспарлар құрыңыз.
3. Егіздер
Романтикалық көзқарасыңыз өзгеруі мүмкін. Бойыңызды шығармашылық қуат билеп, қарым-қатынастың келесі деңгейіне өтуге дайынсыз. Асығыс шешім қабылдамаңыз.
4. Шаян
Бүгін жан дүниеңізбен үйлесімділікке қол жеткізесіз. Күні бойы көп ойланып, басқа адамдардың әрекеттерінен шабыт аласыз. Мақсаттарыңызға жетудің жаңа жолдарын қарастырасыз.
5. Арыстан
Бүгін адамдармен жақсы тіл табысатын боласыз. Бейтаныс адамдардың алдында ашылып, өзіңізді жақсы жағынан көрсетесіз. Көптен бері айта алмай жүрген сырыңызбен бөлісу үшін өте қолайлы күн.
6. Бикеш
Сіз әрдайым адамдарға жақсылық тілейсіз. Бүгін бұл қасиетіңіз еселене түседі. Айналаңыздағы адамдарға көмектесіп, кеңестер бересіз. Өзіңізді еркелетіп, кішігірім сыйлық алуға болады.
7. Таразы
Өзіңізді танып білу үшін өміріңізге талдау жасайсыз. Қоғамдық шараға қатыссаңыз, сергіп қаласыз. Адамдармен араласып, энергия алмасып, жаңа бастамаларға шабыт жинайсыз.
8. Сарышаян
Бүгін сезімдеріңізді бақылауда ұстайсыз. Тіпті айналаңыздағылар сабырлығыңызға тамсана қарайтын болады. Ал сіз өміріңізге өзгерістер енгізуге кірісесіз.
9. Мерген
Бүгін сезімдеріңізге ерік бересіз. Қиын жұмыстан ешқашан бас тартқан емессіз, дегенмен бүгін жарты ауыртпалықты досыңыздың мойнына жүктеген абзал. Алғашында бұл сізге ұнамауы мүмкін, бірақ уақыт өте мұның артықшылығын түсінетін боласыз.
10. Тауешкі
Тынығып, өзіңізді тану үшін таптырмайтын күн. Соңғы кездері тым көп жұмыс болды, енді жайбырақат демалуға болады. Бүгін кез келген ісіңіз оң нәтижемен аяқталады.
11. Суқұйғыш
Бүгін махаббат мәселесі бірінші орынға шығады. Демалып, саяхаттау үшін өте қолайлы күн. Бұл күнді сүйіктіңізге арнап, оған тосын сый жасаңыз. Таза ауада серуендесеңіз немесе әдемі жерге саяхаттап қайтасаңыздар, қарым-қатынастарыңыз бұрынғыдан да нығая түседі.
12. Балықтар
Бүгін өзіңіз құрметтеп, пікірімен санасатын адамдардың ықыласына бөленесіз. Олар сізді мақтап, өзіңізге деген сеніміңізді жандандырады. Көңіл-күйіңіз тұрақты болады, сондықтан көп істі аяғына дейін жеткізесіз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1783053-13-nauryzga-arnalgan-zldyz-zoramal/