Барбиға ұқсағысы келген 48 жастағы келіншек адам танымастай өзгеріп кетті
Опубликовано:
Барби- әлемдегі барша қыздардың сүйікті ойыншығы. Барби сияқты кейіпке енуді тек кішкентай арулар ғана емес, жасы келген әйелдер де қалайды екен. Соның бірі Лондон қаласының 48 жастағы тұрғыны болып шықты. Сүйікті ойыншығына ұқсау үшін қыруар ақшасы мен денсаулығын жұмсаған әйел бүгінде Барбидің 60 жылдығын қуана тойлауда деп жазады bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

48 жастағы Рейчел Эванс "пластикамен өмір сүру-нағыз ғажайып" деген ұстанымды ұстанады. Ол хирургиялық араласусыз ринопластика жасатып, Барбидің мерейтойын тойлауды жөн көріпті.

Ота 500 фунт (250 мың теңге шамасында) тұрады. Осыған дейін де ота үстеліне жатқан келіншек бұл жолы мұрнын түзетемін деп шешкен екен.

Рейчел қарапайым сауда дүкенінде сатушы болып жұмыс істейді. Ол бүгінде ота мен косметикалық процедураларға 2 млн фунт (11500 млн теңге шамасында) жұмсаған.

Қазірде келіншек қуыршақ-сәнқой.


Өзін толығымен Барбиге айналдырғысы келген ол мақсатына жету үшін 16 жыл уақытын сарп етіпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1783177-barbiga-ksagysy-kelgen-48-zastagy-kelinsek-adam-tanymastaj-zgerip-ketti/