Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мыңдаған адам жерленген өлім алаңы туралы не білеміз? (фото)

Опубликовано:

Камбоджа аумағында мыңдаған адам жерленген бірнеше өлім алаңдары бар екені көпшілікке беймәлім. Өткен өмір қасіретінің естелігі болып қалған мекенге жергілікті халық аяқ басқысы да келмейді. Бойын қорқыныш билеген жұртшылық онда адамдармен түсініксіз әрі жаман жағдайлар орын алып жататынын жеткізеді деп жазады yandex.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: yandex.ru
Фото: yandex.ru: Facebook

Камбоджада қызыл кхмерлер айуандығынан орын алған халықтың жаппай қырылуы 1975-1979 жылдары билікке Пол Пот келген сәттен бастау алды.

Бұл басшы кезінде елде түрлі ойға қонымсыз, сансыз ережелер пайда болған. Адамдар бір-бірін тіпті титтей тәртіп бұзыла қалса, өлтіре берген. Жала жабу мен қасақана зиян келтіру бұл кезде шарықтап тұрды. Кез келген адам кез келген уақытта халық жауына айналып, арнайы түзету лагерінен бір-ақ шыққан сәттер көбейе түсті.

Пол Пот Фото: yandex.ru
Пол Пот Фото: yandex.ru: Instagram

Зұлым кезеңде адамдар тіпті қиналмай, бірдей өле салуды арман еткен.

Камбоджа халқының жартысын өз қолымен өлтірген қызыл кхмерлер күллі әлемді жаулап алуды мақсат еткен. Алайда, олардың бұл жоспары іске аспады. Кхмерлер тарихта нағыз зұлым қанішерлер болып есте қалды. Бірақ, олардың мұндай адамшошырлық әрекетке баруының себебі әлі де жұмбақ.

Фото: yandex.ru
Фото: yandex.ru: Twitter

Ең қызығы, олардың басшысы Пол Пот пен оның көмекшілері жазасыз қалып, бақытты өмір кешті.

Қазіргі таңда, Камбоджада жаппай қырылу құрбандары жерленген екі жүзге жуық өлім алаңдары бар. Жергілікті халықтың үрейін онсыз да тудырып отырған мекендерде жаңбыр жауғанда марқұмдардың сүйектері көрініп жатады екен.

Фото: yandex.ru
Фото: yandex.ru: Instagram

Камбоджалықтар бұл жерлерге аяқ баспауға тырысады. Олардың айтуынша, азаптап өлтірілген адамдар жерленген алаңдардың энергетикасы жаман. Онда барған сау адамның өзі не ауырып қалады, не түсініксіз жайттарға тап болады дейді олар.

Фото: yandex.ru
Фото: yandex.ru: Twitter

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1785375-mydagan-adam-zerlengen-lim-alay-turaly-ne-bilemiz-foto/

pixel