Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсіңізде әткеншекте тербелу нені білдіреді?

Опубликовано:

Әткеншек адам өмірінің кезеңдері іспетті. Оның тербелісі жетістіктер мен сәтсіздіктер жайында ескертуі мүмкін. Мұндай түсті жору үшін түсіңізді бүге-шүгесіне дейін еске түсіру керек. Еnigma-project сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ мұны қалай жору керегін назарларыңызға ұсынады.

Түсіңізде әткеншекте тербелу не білдіреді?
Көрнекі фото: enigma-project.ru: Facebook

Әткеншек - өзгерістер нышаны. Қатты тербеліп, бұдан қорқып отырсаңыз, шынайы өмірде мойныңызда ауыр жүк артып, енді не істеріңізді білмей жүргеніңізді білдіреді. Алдыңызда маңызды шешім күтіп тұр деген сөз.

Тербеліп отырғандағы көңіл-күйіңізге де назар аударыңыз.

  • Арқанды әткеншек болса, бұл алдағы уақытта өміріңізде қуаныштар мен жағымды өзгерістер болады деген сөз.
  • Қайық сияқты әткеншек ойын-сауық кешіне баратыныңызды білдіреді.
  • Жоғары-төмен тербелетін әткеншек сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңызда қиындықтар болатынын ескертеді.
  • Ал арнайы бекіткіші бар балалар әткеншегі болашақта қиындықтар болатынын, сондай-ақ жақындарыңыз үшін алаңдайтыныңыз жайында хабардар етеді.
  • Сынық әткеншек жалқау екеніңізді, өміріңізде жауапкершілік алғыңыз келмейтінін білдіреді.
  • Бос тербеліп тұрған әткеншек сіздің жан дүниеңіз күйзелісте екенін білдірсе, әткеншекті өзіңіз тербету болашақтағы қиындықтар жайында хабардар етеді.

Әткеншекпен тербелгенде қасыңызда сүйіктіңіз тұрса, болашақта ол сізді қызғанады. Ал бірге тербелсеңіз, араларыңызда кикілжіңдер туындайды.

Әткеншектен құласаңыз, онда өңіңізде қиындықтар туындап, жағымсыз сезімдер құрсауында қаласыз деген сөз.

Ал тербеліп отырып, қатты қуанған болсаңыз, онда көп ұзамай жаңа қарым-қатынасқа түсетініңізді білдіреді.

Түсіңізде әткеншекте балаларды тербетсеңіз, онда болашақта сіз жақсы бір шараға қатысып, жақсы байланыстар орнатып, оның жемісін жейсіз деген сөз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1785448-tsiizde-tkensekte-terbelu-neni-bildiredi/

pixel