Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсіңізде билесеңіз, өңіңізде не болады?

Опубликовано:

Түс жору әркімнің қолынан келе бермейтін іс. Түсіңізді біреуге жорытпас бұрын, ол адамның бұдан хабары барына көз жеткізіңіз. Әйтпесе тылсым дүниенің шымылдығы ашылғанның орнына, кесірінше шатасуыңыз мүмкін. Еnigma-project сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ назарларыңызға түс жору ұсынады.

Түсіңізде билесеңіз, өңіңізде не болады?
Көрнекі фото: uchieto.ru: Getty Images

Түсіңізде билеу ауыртпалықтардан арылатыныңызды білдіреді.

Егер жылдам, ырғақты би билесеңіз, онда қиындықтар тез аяқталады деген сөз.

Баяу, сезімтал би қазіргі жағдайдан ләззат алып жүргеніңізді білдіреді. Билегенде музыка ойнамаса, онда бұл сіздің жан дүниеңіздің беріктігін, күш-қайратыңыздың көптігі.

Енді түсіңізде кіммен билегеніңізге мән беріңіз.

  • Қария, егде жастағы адаммен билеу - қажетті көмек аласыз;
  • Әкеңіз немесе анаңыз – табысқа жетесіз;
  • Ұл немесе қыз – тәуекелге барасыз, жаңа іс бастайсыз;
  • Балаңыз – айырылысу;
  • Құрбыңыз– бос сөз, өсек;
  • Күйеу бала, келін – көңіліңіз түседі, ашуланасыз;

Түсіңізде билеп, жұрттың көңілін өзіңізге аударсаңыз, онда тәуекелге барып, үлкен табысқа қол жеткізесіз деген сөз.

Егер билеп жатқанда еденнің шірік екенін көрсеңіз, онда көп ұзамай қиындықтар басталатынын ескертеді.

Егер сүйіктіңізбен билесеңіз көп ұзамай қандай да бір нәрсе сатып аласыз деген сөз. Тіпті баспаналы болуыңыз мүмкін.

Егер сүйіктіңізбен айырылысқан болсаңыз, онда мұндай түс көп ұзамай қайта қосылатыныңызды білдіреді.

Қайтыс болған адаммен билесеңіз, көп ұзамай көп еңбектеніп, тер төгуге тура келетінін ескертеді.

Басшыңызбен билесеңіз, онда жұмыста абай болыңыз. Басшылық сізге көз қырын салып жүр.

Билегіңіз келіп, бірақ билей алмай, икемсіздік танытсаңыз, онда шынайы өмірде көпке үлгі болатын дәрежеге жетесіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1787053-tsiizde-bileseiz-iizde-ne-bolady/

pixel