Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемге аты әйгілі кәріс актеры Ли Мин Хо жайлы не білесіз?

Опубликовано:

Оңтүстік Корея жұлдыздары әлемдік шоу-бизнесті күннен күнге бағындырып келеді. Сондай үлкен атаққа қол жеткізген өнер иелерінің бірі - танымал актер Ли Мин Хо. Өзінің сымбаты мен дарынының арқасында күллі әлемге әйгілі болған сүрбойдақ жайлы KAZ.NUR.KZ жинақтаған ақпараттан оқып, біліңіз!

Атышулы кәріс актеры Ли Мин Хо жайлы не білесіз?
Фото: wandhaleeminho.blogspot.com: UGC

Ли Мин Хо: әнші мен актердің өмірбаяны

Ол 1987 жылы 22-і шілде күні Корея Республикасының астанасы Сеулде дүниеге келген. Көптеген ата-аналар балалары айтарлықтай тез дамиды деп ойлайды. Ли Мин Хо расымен де зерек бала болған.

Табиғат оны келбетті етіп жаратқанына қарамастан, ол ұзақ уақыт ұялшақтығынан жапа шеккен көрінеді.

Ата-анасы қарапайым ғана ұлдарының болашақта әлемдік жұлдызға айналатынын тіпті ойламаған.

Лидің әкесі оны бала күнінен спортқа баулып өсірген. Сондықтан ол футбол мен тэквондо сабақтарына қатысқан.

Сол жылдары Ли Мин Хо пір тұтқан Криштиану Роналдуның жетістіктері кішкентай спортшыны өмірін футболмен байланыстыруға жігерлендіреді.

Баланың ұмтылысы зая кеткен жоқ. Көп ұзамай ол жасөспірімдер құрамасынан өз орнын тапты. Дегенмен, кенеттен алған зақым Ли Мин аңсаған мансапқа жетуге тосқауыл болды.

Орта мектептегі жылдар жас жұлдыздың өзіне деген көзқарасын түбегейлі өзгертті. Қыздар мен сәнқой агенттіктердің шектен тыс назары Лидің өзіне деген сенімін арттыра түсті.

Ол кішігірім қадамнан бастауды жөн көріп, фототүсірілім жобаларына қатысады.

Кейіннен сәнқой жігіт тұрақты жұмыс пен жалақы алуға мүмкіндік беретін Starhaus Entertainment компаниясымен келісім шартқа отырады.

Мектепті тәмәмдаған соң, ұзақ ойланбастан кино мен телевизия саласын оқытатын жекеменшік Сеул университетіне құжаттарын тапсырады.

Сол кездің өзінде Ли Мин Хо өмірін шығармашылықпен байланыстырғысы келетінін түсінген.

Атышулы жұлдыздың жанкүйерлері үнемі ол туралы жаңа ақпараттар іздейді.

Назарларыңғызға кәріс жұлдызы жайлы кең тараған ақпараттарды ұсынамыз:

  • Ли Мин Хо өзінің шымыр денесін мақтан тұтады. Оның бойы 186 см, салмағы 85 келіден жоғары көтерілмейді.
  • Әйгілі жұлдыздың сүйікті асы жайлы алып-қашпа әңгімелер көп. Ең жиі кездесетін ақпарат - актер ащы чили бұрышы қосылған сиыр етінен бас тарта алмайды екен.
  • Ол бала күнінен спортпен шұғылданса да, әлі күнге дейін жүзуді білмейді.
  • Кофе - Лидің әлсіз тұсы. Ол күніне сергіткіш сусынның бірнеше шынаяғын іше алады.
  • Жануарлардан иттерді ерекше ұнатады.
  • Өмірде Ли Мин екі ережені ұстанады - әрдайым үлкен жетістікке ұмтылу және ешқашан еңсені түсірмеу.

Ли Мин Хо: фильм мен телехикаялар

Ли Мин Хо түскен дорамалар бүгінде рейтингі ең жоғары телехикаялар болып есептеледі. Алайда мұндай жетістікке актер бірден жеткен жоқ.

15 жасынан бастап дарынды актерді бірнеше эпизодтық рөлдерден көруге болатын. Бұл жұлдыз болу үшін керемет бастау деу қиын. Дегенмен, осы рөлдердің арқасында Ли Мин баға жетпес тәжірибе алды.

Жұлдыздың алғашқы маңызды жұмысы - Пак Бо Ен мен Ли Мин Хо үшін дебютқа айналған "Мектеп ауласының құпиялары" телехикаясы болды.

Басты рөлдерді сомдаушылар осы уақытқа дейін көрермендерден тиісті баға алмаса да, аталған дораманы жылулықпен еске алады.

Жігіттің алға қойған мақсаттарын 2006 жыл бұзуы мүмкін болды. Ол жол апатына түсіп, ұзақ уақыт емдеуден өтті.

Түсірілімнен тыс өткен бір жарым жыл ішінде жігіттің рухы сынбай, керісінше, беки түсті. Ли Мин емделіп, жіберіп алған дүниелерінің орнын толтыру үшін барынша тырысып бақты.

Жұлдыз барлық жобалардан шақыртулар ала бастады. Алайда қайтадан Пак Бо Ёнмен "Алға, скумбрия, алға!" атты дораманың түсірілім алаңында бірлесті. "Тұр!" және "Біздің ағылшын тілі оқытушысы" атты жобаларға қатысқан.

Бірақ нағыз танымалдылық актерге 2009 жылы "Ұлдар гүлдерден әсем" телехикаясы экранға шыққан кезде келді.

Бұл кенеттен атақты болып оянған сәттердің бірі болды. Аталған телехикаядан кейін Лидің өмірінде түрлі марапаттар мен жобаларға шақыртулар пайда бола бастады.

2010 жылдан бастап Мин сұранысқа ие әртістердің бірі болғаны сонша, ол өзін ұсынылған он жобаның ішінен өзі қатысқысы келетінін ғана таңдайтын болған.

Осылайша, жанкүйерлер оны "Жеке артықшылық", "Қалалық аңшы" (соңғысы, тіпті, Қытайда үлкен сұранысқа ие болды) және "Сенім" телехикаяларынан көре алды.

2013 жылы жігіттің фильмдер жинағын "Мұрагер" — кәріс телехикаясы толықтырды. Тағы бір танымалдылық толқыны Ли Мин Хоны басып әкетті. Тіпті, оның құрметіне Шанхайда балауыз мүсіні орнатылды.

Ли Мин Хо: жеке өмірі

Ли Мин Хо өзіне сенімді сүрбойдақ бейнесімен әйгілі.

Жас жігіт өзіне қысқа бойлы, ақылды да көңілді қыздар ұнайтынын айтқан. Ли кездескен қыздардың аталған қасиеттері бар ма екен, көрейік:

  • Пак Мин Ён.

Жұлдыз жеке өмірін жасырып, егжей-тегжейлі талқылауды ұнатпаса да, "Қалалық аңшы" дорамасындағы әріптесімен болған қарым-қатынасты жасырын ұстау мүмкін емес еді.

Жұлдызды жұптың қарым-қатынасы біржылға жуық уақытқа созылды.

Тығыз жұмыс кестесі олардың бір-бірімен көрісуіне кедергі келтірген соң, екеуі айырылысып кетті. Алайда ештеңеге қарамастан жастар достық қарым-қатынастарын сақтап қала алды.

  • Пэ Су Джи

2015 жылы жанкүйерлер Ли Мин Хо мен Miss A тобының әншісі Сюзи (Пэ Су Джи) арасындағы махаббат сезімі жайлы айта бастады.

Бұл қарым-қатынасты тұрақты деу қиын еді. Бірақ сонда да әртістер сезімдерін сақтап, жанкүйерлері үшін тәтті жұп бола алды.

Олар отбасы болуға шешім қабылдап, үйлену тойларын жоспарлап қойды деген қауесеттер де тарады. Алайда, кейін анықталғандай, мұның бәрі тек алып-қашпа әңгіме болып шықты.

2017 жылы Ли мен Пэ Су Джи қарым-қатынастарының аяқталғанын жария етті.

Әртістің жанкүйерлері сүрбойдықты әлі күнге дейін жаңа қызбен байқамаған. Түсірілім алаңындағы әріптестерімен көңіл жарастырды деген қауесеттерге қарамастан Ли Мин Хо өзінің шынайы махаббатын іздейді. Кейде сары басылым Ли Мин Сюзимен қайта қосылды деген ақпарат таратады. Мұның шын-өтірігін уақыт қана көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1787180-lemge-aty-jgili-kris-aktery-li-min-ho-zajly-ne-bilesiz/

pixel