Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсіңізде бас қаңқасын көру нені білдіреді?

Опубликовано:

Түс арқылы бейсана бізге әртүрлі ескертулер жасайды. Сол себепті адамдар оған ерекше мән береді. Аstromeridian.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ түсіңізде бас қаңқасын көрген кезде қалай жору керегін назарларыңызға ұсынады.

Түсіңізде бас қаңқасын көру нені білдіреді?
Көрнекі фото: depositphotos.com: Depositphotos

Түсіңізде бас қаңқасын көру - болашақта ауыратыныңыз жайлы ескертеді. Бұл жан мен тән ауруларына қатысты.

Егер ер адам көрсе, онда бұл оның ерлік намысынан айырылудан, сүйіктісін қанағаттандыра алмаймын ба деп қорқатынын білдіреді.

Бас қаңқасы түсіңізде сізге жымиса, онда отбасында кикілжіңдер болады деген сөз.

Егер түсіңізде бас қаңқаны қолыңызда ұстасаңыз, онда болашақта қиындықтарға тап болып, қандай істі бастасаңыз да, сәтсіздіктер болады деген сөз.

Ал түсіңізде досыңыздың бас қаңқасын көрсеңіз, онда достығыңыз оның қызғанышы салдарынын аяқталатынын ескертеді.

Өзіңіздің бас сүйегіңізді көрсеңіз, болашақта қатты өкінесіз.

Бас сүйекті қазып алған болсаңыз, онда түсініксіз жағдайға тап боласыз деген сөз. Тығырыққа тіреліп, дана адамнан ақыл сұрауға тура келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1787284-tsiizde-bas-kakasyn-kru-neni-bildiredi/

pixel