Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі күнде бес келі салмақты қалай тастауға болады?

Опубликовано:

Арықтау– қыз-келіншектердің басты проблемаларының бірі. Одан шығар жол да біреу ғана – диета. Ендеше, екі күнде бес келі салмақты қалай тастауға болады? Бұл сұраққа ERNUR.KZ жауап береді.

Көрнекі фото: knowledgeispower.mobi
Көрнекі фото: knowledgeispower.mobi: Twitter

Жалпы аз уақытта көп салмақ тастауға лимон диетасы көмектеседі. Оның құрамы артық маймен күресуге көмектесетін С дәруменіне бай. Сонымен қатар, лимонда диета кезінде жиналып қалған шлактар мен токсиндерді айдап шығаратын қасиет те бар.

Лимон диетасы

Жеті дана лимон шырынын сығып алыңыз. Оған 1 ас қасық бал мен 1 шай қасық ащы қызыл бұрыш қосыңыз. Сосын жақсылап араластырып, 1,5 литр қайнаған су құясыз. Семіздікпен қош айтыстыратын, ағзаны сергітетін сусын дайын болды. Күні бойы тек осы сусынды ішкен жөн. Мұндай диетаны тек екі күнге дейін ғана жалғастыру рұқсат етілген.

Бал мен лимон диетасы

"Екі күнде бес келі салмақ тастататын" лимон диетасының бұл түрі алғашқысына қарағанда сәл ғана жеңілдеу деп айтуға болады. Егер сіз ащыны ұнатпайтын болсаңыз, тап осы диетаны ұстауыңызға болады. Ол үшін 15 дана лимонның шырынын сығып, үш литр қайнаған сумен, 70 грамм балмен араластырасыз. Барлығын жақсылап араластырып, бал мен лимон сусынын күні бойы ішесіз. Бұл бір күнге жететін сусын. Диета холестериннің төмендеуіне, ағзаның шлактан, токсиннен тазаруына көмектеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1787332-eki-knde-bes-keli-salmakty-kalaj-tastauga-bolady/

pixel