Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нағыз ер азаматтың қандай үш әрекетін кешіруге болмайды?

Опубликовано:

Өмірде махаббат буына масайып, ғашығының барлық қателіктерін де кешіре беретін жандар бар. Алайда мамандар ер адам әйелін бақытсыз етсе, оған кешіріммен қараудың қажеті жоқ санайды. Осы орайда gurutest.ru сайты күйеуіңізге кешіруге болмайтын үш әдетті назарыңызға ұсындаы деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Күйеуіңізге кешіруге болмайтын 3 әдет
Фото: femma.ru: UGC

Қол көтеру

Күйеуіңіз сізді соққыға жықса, сізді сүйеді деген сөз емес. Өзін-өзі сыйлайтын еркек ешқашан әйелге қол көтермейді. Үйдегі зорлық-зомбылыққа жол бермейді. Ол сіздің өз ойы мен пікірі бар, өздігімен шешім қабылдауға лайық жан екеніңізді ескереді.

Бірдеңе бола қалса жұдырық ала жөнелетін ер адамдар дұрыс қарым-қатынас құра алмайтын епсіздер. Ондай адамға өз-өзіне сенімсіз, өз пікірі жоқ, оның айтқанынан әріге бара алмайтын қорқақ жан керек.

Ішімдікке деген құмарлық

Егер күйеуіңіз демалыс күндері достарымен ішімдік ішсе, мұнда тұрған ештеңе жоқ. Алайда егер ол шөлмекті бәрінен де маңызды көрсе, дабыл қақуға тура келеді. Мұндай еркектің іс-әрекеттеріне кешіріммен қараудың қажеті жоқ.

Егер ол мас күйінде сізге тіл тигізіп, маңызды күндерді ұмытып, ішімдік үшін жұмыстан қалса, өз болашағыңыз үшін алаңдағаныңыз абзал.

Себебі мұндай адамның жанында сіз психологиялық тұрғыда жапа шегесіз. Көп ұзамай тамаққа ақша жету үшін күйеуіңізден қаражатты тығып ұстайтын боласыз.

Опасыздық

Әйел адамдар күйеулерінің опасыздығын кешіруге бейім келеді. Себебі олар ерлерінің сатқындығын өздерінен көріп үйреніп кеткен. Алайда екінші жартыңыз жалынып, кешірім сұраған күннің өзінде оны кешірудің қажеті шамалы.

Себебі ол үнемі сіздің көзіңізге шөп салып, жаныңызды қайта-қайта жаралайтын болады. Еркектің өз қажеттіліктері ол үшін бірінші орында, ал сіз екінші кезектесіз.

Сондықтан сатқындықтың салдарынан көз жасыңызды төгіп, өзіңізді бақытсыз сезінгіңіз келмесе, бірінші опасыздықтан кейін кетіп қалғаныңыз дұрыс.

Күйеуіңізді қатты жақсы көріп тұрсаңыз да, оның барлық іс-әрекеттеріне кешіріммен қарауға болмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1788254-nagyz-er-azamatty-kandaj-s-reketin-kesiruge-bolmajdy/

pixel