Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсінде Әлмерек баба аян берген орыс қызы дертінен құлан таза айығып кеткен

Опубликовано:

Алматылық Ольга Лысенко анорексияға ұшырап, күн санап жағдайы нашарлай берген. 2018 жылдың ортасында оның түсіне Әлмерек баба кіріп, қарияның аянынан кейін ол аяққа тұрған деп жазады Sputnik Қазақстан.

фото: Ольго Лысенконың жеке мұрағаты
фото: Ольго Лысенконың жеке мұрағаты: Facebook

Ольга Лысенконың сөзінше, ол қатты ауырып жарты жылдың ішінде 12 келі тастаған.

Бойжеткен қиналып жүргенінде ерекше түс көргенін алға тартты.

Ольга түсіне кірген қария өзін "Әлмерек бабамын" ден таныстырғанын да жеткізді.

Орыс қызының айтуынша, осы түстің арқасында тамыршы, мануальды терапевт Сәуле Муралиеваға жолығып, дертіне ем тапқан.

Ол оған дейін бір жарым жыл бойы дәрігерлер дұрыс диагноз қоя алмағанын тілге тиек етті.

Ольга оқиғаның қалай басталғанын түсіндіріп өтті.

"2016 жылы менде диарея болды. Бәрі осы іш өтуден басталды. Алғаш рет дәрігерге қаралғанда, олар бауырда өзгерістер бар деп соған сай ем белгіледі. Бірақ ол еш көмектескен жоқ. Оған артынан жүрек айну, құсу, асқазандағы қыжыл, бас айналу сынды белгілер қосылды.
Мен тек арпа ботқасын, сорпа ғана іше алатын болдым. Онда да татып қана аламын. Сөйтіп жарты жылда 12 келі тастадым. Өз салмағым 54 келі еді, ақыры 42 келі боп қалдым", - дейді ол.

Ольга 2017 жылдың наурыз айынан бастап желтоқсанға дейін бүкіл ағзасын тексеруден өткізгенін айтады. Тіпті, обыр дертінен күдіктеніп, оны да тексеріп көрген.

Орыс қызы сараптама нәтижелері қойылған диагнозды жоққа шығарып отырғанын жеткізді.

"Олар біресе диарея деді, біресе "жүйкеден" деді. Бірақ дәрігер қойған диагноздардың ешқайсысы анализ сараптамасы нәтижесімен нақтыланбады. Ине салды, антибиотик берді, депрессияға қарсы дәрілер де берді, бірақ ешқайсысы маған көмектескен жоқ", - деді Ольга.

Ол әбден тығырыққа тірелген жақта түсіне Әлмерек баба кіріп, аян бергенін айтты.

"Менің түсіме бір қария кірді. Өзін "Әлмерек" атамын деді. "Қасиетті бұлақ көзі бар, соған бар" деді. Ап-анық айтты. Әрі үлкен кісі екен. Содан интернетті ақтарып, іздеп көрдім. Сөйтсем, ол қала сыртындағы "Покровка" елді мекенінде орналасқан екен. Ал мен Алғабаста тұрамын. Ол кезде көлікпен де жүре алмайтын едім. Содан бара алмадым", - деді алматылық қыз.

Ольга интернетті ақтарып отырып, Әлмерек бабаның батасын алған Сәуле атты массажист туралы мақаланы тауып алғанын жеткізді.

Оның сөзінше, қызығушылық танытқан адамы үйінен 200 метр қашықтықта тұратын болып шыққан.

Орыс қызы бұл кісінің қарауында 11 ай емделіп жатқанын, қазір денсаулығы жақсарып, тіпті үш келі салмақ қосқанын да айта кетті.

"Сәуле апай маған бірден анорексия, қан айналымының нашарлауы деген екі диагноз қойды. Сөйтіп сол бойынша ем тағайындады. Ол кісінің емі – массаж. Онда да ол жай уқалау емес, жүйке нүктелерімен жұмыс істейді. Ұйықтап қалатын, бітеліп қалатын нерв нүктелері болады екен. Ол кісі соны тамырды ұстау арқылы анықтап, массажбен жояды", - деп түсіндірді ол.

Ольга бірінші күнгі емнен кейін, көлікке отыра алғанын, жүрегі айнығаны қойғанын айтты. Оның сөзінше, екі аптадан соң құсуы күрт тыйылған.

Екі айдан соң күнде қабылдайтын қан қысымына арналған дәріні қолданбаған.

Осы кезде үлкен дәреті де жақсарыпты. Асқазанға арналған дәріні де қабылдаудан бас тартқан. Соңғы кездері қыз күш-қайратының қалпына келе бастағанын аңғарған.

"Мен дәрісіз тамақ іше алмайтынмын. Кез келген уақытта қан қысымым көтерілетін. Дәрісіз жүре алмайтын едім. Айына тек дәрінің өзіне 60-100 мың теңге жұмсап қоятынмын. Оның өзінде олар көмектеспейтін еді. Осы тозақтан құтылғаныма Құдайға мың да бір шүкір айтамын. Өткенде атаның басына барып, тәу етіп қайттым. Қазақта әулие кісілер көп екен ғой, бұл туралы мен бірінші рет біліп отырмын", - деді алматылық ауу.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1789670-tylsym-ksimen-dertinen-zazylgan-orys-kyzyny-gimesi/

pixel