Өзбекстанда таудан ес-түссіз жатқан жасөспірім табылды
Опубликовано:
Өзбекстанда Андижан облысы Төтенше жағдайлар басқармасының құтқарушылары бір тәулік бұрын жоғалып кеткен жасөспірімді тауып алды деп хабарлайды ca-news.org сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Өзбекстанда 16 жастағы жасөспірім жолдастарымен бірге тауда қыдырып жүріп, биіктіктен құлап түскен. Ал достары жеткіншекті таба алмай қойыпты.
Жүргізілген іздеу нәтижесінде оның құлаған жерден 100 метр қашықтықта ес-түссіз жатқаны анықталды.
Қазіргі уақытта жасөспірімнің жағдайы қанағаттанарлық.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1789675-zbekstanda-taudan-es-tssiz-zatkan-zasspirim-tabyldy/