Шри-Ланкада сегізінші жарылыс болды
Опубликовано:
Шри-Ланкада тағы бір жарылыс болды. Сегізінші жарылыс ел астанасы Коломбо қаласының маңындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған деп хабарлайды РИА Новости-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Айта кетейік, бұған дейін 21 сәуірде болған 7 жарылыс мемлекеттің әртүрлі жерлерінде болған. Алдын-ала болжам бойынша бірнеше жағдайда жанкешті лаңкестер жұмыс істеуі мүмкін.
Билік елде коменданттық сағат енгізуді жоспарлауда.
Еске сала кетейік, 21 сәуірде Шри-Ланкада Пасха мерекесін тойлап жатқанда алты жерде жарылыс болған. Елдегі жетінші жарылыс мемлекеттің батысында орналасқан Дехивал қаласындағы зоологиялық баққа жақын маңда орын алған.
Қайғылы оқиғаға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1790182-sri-lankada-segizinsi-zarylys-boldy/