"Тек ескерткіштер": Жапонияда тірі жан тұрмайтын ауыл туристердің зәресін ұшыруда

Опубликовано:

Саяхаттауды жаны сүйетін жапониялық фотограф Кен Оки Тояма өз елінің әсем жерлерін суретке түсірмек болып, адамшошырлық ауылға тап болады. Жас жігітті елді мекенде тірі жан тұрмайтынынан бөлек, ауылдың адам ескерткіштеріне толы болғаны қорқытқан деп жазады bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Demilked
Фото: Demilked: Facebook

Адам мүсіндері ғана мекен еткен ауылды көрген Кен Оки өзінің алған әсерімен әлеуметтік желіде бөліскен. Ол адам баласы тұрмайтын ауылда болу әркімнің бойынан қорқыныш сезімін оятатынына кәміл сенімді.

Фото: Demilked
Фото: Demilked: Facebook
"Мен өзімді бір тыйым салынған, қауіпті аймақты тауып алғандай болып тұрмын. Біздің заманда мұндай жерлер барын білмеппін. Аса қорқынышты жер екені сөзсіз" , - деді ол.
Фото: Demilked
Фото: Demilked: Twitter

Кейін бұл елді мекеннің тарихын зерттей келе, жас фотограф өзі тап болған айрықша жердің буддалықтар саябағы екенін анықтаған.

Фото: Demilked
Фото: Demilked: Facebook

Оны Муцуо Фурукава деген адам ойлап тапқан. Ол туристер үшін тынығып, ой жинақтайтын ерекше мекен салуды көздеген. Алайда, 800-ден астам адам ескерткіштері уақыт өте, өзінінің сергіту қасиетін жоғалтып, келушілердің бойынан тек қорқыныш сезімін тудыруда.

Фото: Demilked
Фото: Demilked: Twitter
"Мұндай жерге түнгі уақытта тап болдыңыз делік? Жалғыз өзіңіз. Қасыңызда көмектесер ешкім жоқ. Айналаның бәрі толған адам мүсіндері. Осыдан кейін тынығып көр мұндай жерде" , - деді Кен Оки.
Фото: Demilked
Фото: Demilked: Twitter

Фото: Demilked
Фото: Demilked: Twitter

Фото: Demilked
Фото: Demilked: Twitter

Фото: Demilked
Фото: Demilked: Instagram

Фото: Demilked
Фото: Demilked: Facebook

Фото: Demilked
Фото: Demilked: Twitter

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1791482-adam-eskertkisteri-meken-etken-zaponialyk-auyl-turisterdi-zresin-syruda/