Өзін кемсіткен достары үшін 38 келіге дейін арықтап, көз жұмған әйелді білесіз бе?
Жарияланған күні:
Осыдан бірнеше жыл бұрын Валерия Левитин "Ғаламдағы ең арық әйел" атанған. Бойжеткен ұзақ жылдар бойы анорексиямен күресіп келген болатын. Алайда ол ауруын жеңе алмады деп хабарлайды woman.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Валерия 16 жаста болғанда оның отбасы Америкаға қоныс аударған. Ол кезде бойжеткеннің салмағы 64 келіні құраған. Құрдастары мен анасының көңілінен шыққысы келген бойжеткен арықтағысы келген.
Валерияның айтуынша, мектептегі оқушылар артық салмақ үшін оны мұқата бастаған. Оның денесімен футбол қақпасын жауып қоюға болатынын айтқан жеткіншектердің сөзі сулудың көңіліне қатты тиген. Ливитина ойланбай айтқан сөздің адам тағдырын өзгертуі мүмкін екенін осылайша өкінішпен еске алды.
Мақсатына жетіп, салмақ тастаған Валерия сәнқой болуды қалаған. О баста бәрі жақсы келе жатып, кейіннен қыздың салмағы күрт түсе бастапты. Осылайша ол 24 жасында небәрі 38 келі болған.
Жағдайының нашарлағанын сезген Валерия дәрігердің көмегіне жүгінген. Анықталғандай, бойжеткеннің ағзасы тағам қабылдай алмай қалған. Оның әлсіз, нәзік денесі тіпті жеңіл жарақаттардың өзін көтере алмайтын болды.
Валерия жан-тәнімен салмақ қосып, өзгелер секілді қарапайым өмір сүруді қалады. Отбасылы болып, дүниеге сәби әкелгісі келді. Адамдарды өзін сүюге, құрметтеуге шақырған Валерия Ливитина 2013 жылы 1-желтоқсан күні өмірден озды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1792084-zin-kemsitken-dostary-sin-38-kelige-dejin-aryktap-kz-zmgan-jeldi-bilesiz-be/