RU

Түсіңізде тұншығу нені білдіреді?

Түсіңізді тұншығу шынайы өмірде бір үрейіңіз сізді іштен жеп жатқандығын білдіреді. Еnigma-project.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ мұндай түсті қалай жору керегін назарыңызға ұсынады.

Түсіңізде тұншығу нені білдіреді?
Көрнекі фото: flytothesky.ru: Facebook

Түсіңізде тұншығып, ауа жетпесе немесе сізді біреу тұншықтырып жатса, шынайы өмірде сіздің өмірлік қуатыңызды алып жатқан мәселе бар деген сөз.

Бұл мәселе жұмысыңызда, отбасыңызда, сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңызда болуы мүмкін. Ең бастысы ол сіздің бақылауыңызда емес.

Кейде тұншығу өзіңізді таппағандығыңыздың нышаны ретінде бағаланады.

Біреуге іштей ренжіп жүрсеңіз де, мұндай түс көруіңіз әбден мүмкін.

Түсіңізде тұншықтыратын жағдайда қалсаңыз, түтінге немесе иіс газына толы бөлмеде қалып, ауа жетпесе, онда шынайы өмірде кейбір жайттарға көңіліңіз толмай, өзіңіз үшін ауыр салмақ болып табылатын істермен айналысып жүргеніңіз.

Егер сізді біреу тұншықтырып жатса, онда шынайы өмірде сезіміңізді шектеп, оларға ерік бермей жүрсіз деген сөз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1792322-tsiizde-tnsygu-neni-bildiredi/