Ораза ұстаған адамның организмінде қандай оң өзгеріс болады?
Жарияланған күні:
Ауыз бекітіп, сауапқа кенелетін қасиетті Рамазан айының басталуына санаулы күн қалды. Оразаның адам ағзасына әсері жайлы түрлі зерттеулер жүргізілген. Іһsan.kz сайты назарларыңызға оразаның жеті оң әсерін ұсынады.
1. Жасушалар жаңарады
Ораза – адам ағзасындағы артық және ескі жасушаларды жоюға көмектеседі. Ораза тәртібі бойынша, адам жылына бір ай бойы ауыз бекітеді. Күніне кем дегенде 14 сағат жеп-ішуден тыйылып, одан кейін бірнеше сағатқа аузын ашып әл жинап алу қажет.
Бұл – адам ағзасындағы жасуларды жандандырып, керек еместерін жою процессіне қажет уақытқа дәлме-дәл келеді.
Адам қарны ашқан кезде әлсіз жасушалар өздігінен жойылып, аштыққа қарсы тұру үшін адамның ішкі организмдері белсенділікпен жұмыс істейді.
Осы сәтте адам ағзаларының белсенділігі артып, өміршеңдігі күшейе түседі.
2. Қант ауруына тосқауыл
Ораза тұту – қандағы қант үлесін барынша төмен мөлшерге түсіруге үлкен септігін тигізеді. Себебі, ораза ұстаған кезде адамның ұйқы безі демалады.
Ұйқы безі қантты крахмалды заттар мен майларға айналдыратын инсулин бөледі.
Егер адам ұйқы безінің шығаратын инсулинен артық мөлшерде тамақ жейтін болса, онда бұл ұйқы безіне ауыр тиіп жұмыс істеу белсенділігін төмендетеді.
Бұл химиялық дәрі-дәрмектерді қолданбай қант ауруын емдеудегі өте ұтымды жол екенін медицина дәлелдеп отыр.
3. Артық салмақтан арылуға көмектеседі
Егер ораза ұстаушы ауыз ашқаннан кейін жейтін тамақ мөлшеріне шектеу қойып, дұрыс режиммен жүрсе, бойдағы артық салмақтан арылуға ораза таптырмайтын әдіс.
Яғни, адам ұзаққа уақытқа қарны аш жүріп бірден ауыз ашқан кезде тамақ пен сусындарға тойып алмағаны жөн. Себебі бұл керісінше салмақтың көбеюіне әкеп соғады.
4. Тері ауруларымен күресуге көмектеседі
Адам ораза тұтқан кезде қандағы су мөлшері азаяды, яғни терідегі су құрамы да кемиді деген сөз.
Бұл – терінің қуаттылығын арттырып, зиянды микроптар мен бактерияларға қарсы тұруға көмектеседі.
Сондай-ақ, қышыма аурының адам денесіне әрі қарай таралуын тоқтатып, терінің майлануы мен аллергиядан жазылуға да оң әсерін тигізеді.
5. Тұз байлану ауруына пайдалы
Бұл дерт көп тамақтанудан, әсіресе еттен жасалған өнімдерін көп пайдаланудан туындайды. Сондай-ақ, адам шамасынан тыс тамақ жегенде бұлшық еттердегі протейн құрамы тым көбейіп, бұзыла бастайды.
Бұл адам буындарына, әсіресе аяқтағы үлкен бармаққа несеп қышқылының жиналуына әкеп соғады. Адам тұз байлану ауруына шалдыққан кезде әлгі буындар ісіп, қызарады да ауырта бастайды.
Сондай-ақ, қандағы несеп тұзының мөлшері көбейіп ол бүйрекке жиналып, тұнады. Бұл процесс ақырында бүйректе тас пайда болуына әкеп соғады.
Сондықтан тамақ пен судан тыйылып біраз уақытқа ауыз бекіту - бұл дертті емдеудің тиімді жолы.
6. Асқорыту жүйесіне пайдалы
Ауыз бекіту – асқорыту жүйесінің дем алуына мүмкіндік береді. Дегенмен адам организмі өзінің табиғи функцияларын атқарады және тамақ қорытуға арналған сөл әдеттегіден аз мөлшерден бөлінгенімен, сөл бөлу процессі қалыпты жағдайда өз қызметін атқара береді.
Бұл адамның сөл бөлу жүйесін жақсартып, бір қалыпқа түсіреді. Бірақ бір ескерте кететін жайт, ораза ұстаған кезде асқазан қышқылдық бөлуді тоқтатпайды.
Яғни, асқазанында жарасы бар адам ауыз бекіту кезінде абай болуы қажет.
7. Жағымсыз әдеттерден арылуға мүмкіндік береді
Рамазан айы – арам әдеттен арылу үшін таптырмайтын кезең. Себебі басқа күндері «темекіні тастаймын» деп өзіңізге уәде беріп артынан нәпсі құрғырдың айтқанына ілесіп кеткеніңізбен, ораза уақытында Алладан қорқыныш бұдан сізді қайтарады.
Рамазан айы тек ауыз бекітіп қана қоймай сондай-ақ жаман сөздерден, ұсқынсыз әдеттерден, жағымсыз тәуелділіктерден айырылуға көмектесетін мүмкіндік айы.
Арыла алмай жүрген тәуелділіктеріңіз болса, мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1792516-oraza-stagan-adamny-organizminde-kandaj-o-zgeris-bolady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.