Үш немересі бар 40 жастағы әже мінсіз мүсінімен көпшілікті естен тандырды
Опубликовано:
АҚШ-тың Калифорния штатының 40 жастағы тұрғыны желі қолданушыларын сұлулығымен тәнті етті. Элис өз жасынан әлдеқайда жас көрінеді. 40 жастағы әйел адамның бүгінде үш бірдей немересі бар деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ару тұңғышын небәрі 16 жасында босанған. Сол себепті ол бүкіл өмірін бала тәрбиесіне арнаған. Енді оның балалары өмірде өз орнын тапқан соң, келіншектің өзіне қарайтын уақыты пайда болған.

Элис 40 жасқа толған мерейтойын Лас-Вегаста дүркіреп өткізуді жөн көрген. Ол қызымен бірге қаланың ең атақты орындарын аралаған.

"Иә, мен қарапайым әжеге ұқсамаймын. Бірақ әйелдер жасы келген сайын өзін қымтап, өзіне шек қоймау керек деп ойлаймын", - дейді ол.

Жас жігіттер оны құрдас көріп, кездесулерге жиі шақырады екен. Оның шын жасын білген олар біразға дейін абдырап қалады екен.

Жастық шағын сақтап тұру үшін ару пластикалық отаға 60 мың долларны сарп еткен. Жасалған отаның бәрі оған жақсы әсер берген.


Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1794057-s-nemeresi-bar-40-zastagy-ze-minsiz-msinimen-kpsilik-esten-tandyrdy/