Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсіңізде жұмақ көру нені білдіреді?

Опубликовано:

Түсіңізде жұмақ көру нені білдіреді?
Түсіңізде жұмақ көру нені білдіреді?: pixabay.com

Түсіңізде жұмақтың төрінде жүрсеңіз немесе жұмақ қақпасының алдында тұрсаңыз, мұндай түс қандай мағынаны білдіруі мүмкін? Аталған сұраққа бүгінгі материалда жауап іздеп көрдік.

Миллердің түс жорамалы

Танымал түс жорушы Миллер түсте жұмақ көруге байланысты төмендегідей болжамдар айтқан:

  • Түсіңізде өзіңіз жұмақта жүрген болсаңыз, онда қиын күнде сізге қол ұшын созатын адал достарыңыз бар деген сөз. Мұндай түс алыс сапарда жүргендер немесе теңізде жүрген әскерилерге үміт деген мағынаны білдіреді.
  • Балалы аналар түсінде жұмақ көрсе, балалары тәрбиелі әрі ақылды болады деген сөз.
  • Ал сырқаттанып жүрсеңіз, бірақ түсіңізде жұмақ көрсеңіз, онда сіз көп ұзамай ауруыңыздан құлан-таза айығасыз деген сөз.
  • Сүйіктісі бар жандарға мұндай түс байлық пен адалдықтың белгісі болып табылады.
  • Түсіңізде жұмақта жүрсеңіз, алайда өзіңізді ыңғайсыз сезініп жүрсеңіз, онда өзіңіз көп ұміт күткен қолға алған бастамаңыз, сәтсіздікпен аяқталады деген сөз.

Фрейдтің түс жорамалы

Егер сіз түсіңізде жұмақта жүрсеңіз, Фрейд онда сіздің өміріңіздегі серіктестеріңіз бен әріптестеріңіз жұмақтың төрінде жүретіндей сізге адал әрі сенімді деп кеткен. Ал егер түсіңізде сіз жұмақта жүруге өзіңізді лайықсызбын деп сезінсеңіз, онда маңайдағы достарыңыз бен әріптестеріңізді сүзгіден өткізуіңіз шарт. Мұндай түс сізді айналыңыздағы біраз адамнан арылуға көмек беруі мүмкін екенін ұмытпаңыз.

Түсіңізде жұмақ көру нені білдіреді?
Түсіңізде жұмақ көру нені білдіреді?: pixabay.com

Ал жұмақтың төрінде өзіңізден басқа біреумен жүрсеңіз, онда жеке өміріңізге өзгеріс әкелетін адамды кездестіресіз деген сөз. Сол сияқты жеке өміріңізде айтарлықтай өзгерістер болмаса, демек онда сіз осы кездестіретін адам арқылы өмірге деген көзқарасыңызды өзгертесіз деген сөз.

Ислам түс жорамалы

Мұсылмандардың түс жорамалында түсте жұмақ көру өмірде ақылды әрі данагөй адамның ақылы мен батасын аласыз деген мағынаны білдіреді. Ал түсінде жұмақтың төрінде жүріп, ондағы жеміс ағаштарының жемісінің дәмін татқан адамды өмірінде дәулет пен рухани баю күтіп тұр деген сөз.

Сол сияқты егер түс көруші жұмақ қақпасының алдында кезекте тұрса, онда ол адам көп ұзамай жақын адамынан айырылады деген мағынаны білдіреді.

Түрлі түс жорамалдарында жұмақ жайлы басқа да болжамдар айтылуы мүмкін. Бастысы түсіңізге не кірсе де, өзіңіз оны іштей жақсылыққа жорысаңыз болғаны. Қалғаны уақыттың еншісінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1794466-tsiizde-zmak-kru-neni-bildiredi/

pixel