Зеленский ұлықтау рәсіміне дайындалып жатыр (фото)
Опубликовано:
Украинаның жаңа президенті Владимир Зеленский бүгін, 20 мамырда өтетін ұлықтау рәсіміне дайындалып жатыр деп хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жаңа президентті ұлықтау рәсімі Украина уақытымен сағат 10:00-де Жоғарғы раданың залында басталады.
Владимир Зеленский көпшілік алдында ант қабылдайды. Осыған сәйкес екі рет дайындық өткен.
Салтанатты шараға АҚШ өкілдері мен Укранинаның барлық бұрынғы президенттері шақырылған.

Еске сала кетсек, қазақстандық делегация да Владимир Зеленскийдің ұлықтау рәсіміне шақырлған.
Қазақстандық дипломаттарды сенат төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров бастап барады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1794814-zelenskij-lyktau-rsimine-dajyndalyp-zatyr-foto/