RU

Өзіне көңілі толмаған бойжеткен пластикалық отаға қыруар қаржы жұмсады

Селин Центино есімді бойжеткен дене бітіміне көңілі толмай бірнеше мәрте пластикалық операция жасатқан. Оның жалпы отаға кеткен қаржысы 18 миллион теңгеге жуық (38 мың фунт стерлинг) деп хабарлайды anews.com-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

фото: Instagram/Céline Centino
фото: Instagram/Céline Centino: Facebook

Селин Центино мектеп жылдары өте қарапайым болғанын, Цюрих қаласында тұрғанын айтты. Оның сөзінше, шашы қысқа, тісінде брекет, киімі аз болғандықтан сыныптастары үнемі мазақтаған.

Селин көп жылдар бойы достарының әзілінен жаба шеккенін алға тартты.

Фото: anews.com
Фото: anews.com: Facebook

Мектеп бітіру кешінен кейін ол сыртқы келбетін өзгерту туралы шешім қабылдағанын есіне алды.

Фото: anews.com
Фото: anews.com: Facebook
Селин бірте-бірте сыртқы келбетіне мән бере бастағанын, шашының түсін, гардеробын ауыстырғанын жеткізді.

Кейінірек пластикалық операцияға жүгінгенін айтты.

Фото: anews.com
Фото: anews.com: Facebook

2013-2017 жылдар аралығында бойжеткен мұрны мен жағының формасын өзгертіп, ернін үлкейткен. Осы уақытта омырауына үш ота жасатыпты. Сондай-ақ бірнеше татуировка салдырды.

Қазір бойжеткен 25 жаста. Ол өзінің дене бітіміне, сырт келбетінен көңілі толатынын ашып айтты.

Селиннің сөзінше, кез келген ер азамат оның сұлулығына ғашық болады екен.

Барлық пластикалық операция үшін Селин 38 мың фунт стерлингін ( 18 млн теңге) құртыпты. Бойжеткен шаштараз болып жұмыс істейді.

Ол ақшаны мектеп кезінен жинастырғанын алға тартты.

"Жас кезімде белгілі бір қаражат жинастырдым. Мен 18 жасқа дейін кештер мен клубтарға барғаным жоқ. Кейінірек ота жасату үшін жатпай-тұрмай жұмыс істедім", - деді Селин.

Қазіргі уақытта бойжеткен - Instagram жұлдызы. Оныі желідегі парақшасына 140 мыңнан астам оқырман тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1795030-zine-kili-tolmagan-bojzetken-plastikalyk-otaga-kyruar-karzy-zmsady/