Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"78 млн доллар": Әлемдегі ең қымбат үйлену тойы қай жұпқа тиесілі? (фото)

Опубликовано:

Екі жастың үйлену тойы - қыруар қаржыны қажет ететін салтанатты шара. Жылдан жылға бұған кететін шығында азаяр емес. Бірі өміріндегі маңызды күнді ерекше өткізу үшін бар ақшасын жұмсаса, енді бірі шетел асып жатады. Мәселен әлемдегі ең қымбат үйлену тойы атағын осымен 15 жыл қатарынан Амит Бхатиа мен Ваниша Миттал жұбы ешкімге берер емес деп жазады zen.yandex.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: yandex.ru
Фото: yandex.ru: Instagram

2004 жылдың 20 маусымында үнді магнаты Лакшми Миталл жалғыз қызын тұрмысқа берді. Байлығы тасыған кәсіпкер сүйікті перзентінің үйлену тойын естен кетпестей өткізу үшін 78 млн АҚШ долларын жұмсаған.

Салтанатты шараға елдің түкпір-түкпірінен мыңдаған қонақ шақырылған.

Меймандар Париждегі бес жұлдызды Grand Intercontinental қонақ үйінде тоқтап, тегін тұрған.

Ал некелесу рәсімі Франциядағы Версаль сарайында өтіп, сосын жас жұбайлар мен қонақтар Тюильри бағында түстенген.

Фото: yandex.ru
Фото: yandex.ru: Instagram

Ал кешке барлығын Эйфель мұнарасының маңында ғаламат фейрверктер күтіп тұрды.

Бір күннен соң, мерекелік шара Парижден 50 шақырым қашықтықта орналасқан XIV Людовик дәуріндегі Vaux le Vicomteа сарайында жалғасын тапты.

Той қонақтарына ерекше әсер қалдыру үшін бай отбасы қуанышына әйгілі Мулен Руж бишілері мен Кайли Миноугты шақыртқан.

Фото: yandex.ru
Фото: yandex.ru: Instagram

Үйлену тойы бір аптаға созылған. Бұл уақыт аралығында үстелге 6000 тағам мен 1 500 000 доллар тұратын ішімдік қойылған. Арнайы той қонақтары үшін Тюильри бағы мен Сен-Клу саябағы жалға алынған.

Тойға шақыртулар күміс қобдишалармен берілген. Үйлену аяқталған соң, әрбір қонақ сыйлық ретінде асыл тастармен көмкерілген дизайнерлік сөмке алды.

Айта кетерлігі, аталмыш жұп 2013 жылы ажырасып кетті.

Фото: yandex.ru
Фото: yandex.ru: Instagram

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1795553-78-mln-dollar-lemdegi-e-kymbat-jlenu-toj-kaj-zpka-tiesili/

pixel