Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсіңізде пәктігіңізден айырылу нені білдіреді?

Опубликовано:

Түсіңізде пәк екеніңізді көру - жаңашылдық, тазалық белгісі. Көбінесе пәктік алдағы уақытта армандардың орындалатынын ескертеді. Еnigma-project.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ мұндай түсті қалай жору керегін назарларыңызға ұсынады.

Түсіңізде пәктігіңізден айырылу нені білдіреді?
Көрнекі сурет: stihi.ru: Facebook

Егер отбасылы келіншек пәк екенін көрсе, бұл шынайы өмірде ол ішкі сезімдерін құрықтап жүргенін білдіреді. Тіпті сексуалды емес сезімдеріне де ерік бермейтінінің белгісі.

Шынайы өмірде пәк ару түсінде пәктігінен айырылғанын көрсе, мұндай түс өңіңізде ілтипат білдіріп жүрген жігітке сенбеу керегін ескертеді.

Пәк қыз түсінде пәк бола тұра бала босанған болса, онда шынайы өмірде қиындықтардың бәрі шешіліп, бақытты кезең басталады деген сөз.

Сондай-ақ бұл көп ұзамай жаңа табыс көзін табатыныңызды ескертеді. Дегенмен жаңа таныстарға сенуге болмайды, алдап кетулері мүмкін.

Ер адам түсінде пәктігінен айырылған болса, қыздардың ықыласына бөленеді деген сөз.

Ал ер адам пәк қызды көрсе, онда көптен бері мазалап жүрген мәселе оң шешімін табады. Тәуекелге барған күннің өзінде уайымдаудың қажеті жоқ екенін ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1796601-tsiizde-pktigiizden-ajyrylu-neni-bildiredi/

pixel