Тойда әйел адамның мойнына мініп билеген азамат жұрттың ашуына тиді
Опубликовано:
Әлеуметтік желіде тойда әйелдің үстіне мініп билеген азаматтың видеосы тарап кетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бейнежазбада үйлену тойда билеп жатқан азаматтарды аңғаруға болады.
Олар жігіттердің үстіне мініп, қолдарын сермеген. Бір қызығы, мың бұралып жүрген жігіттердің қатарында әйел адамның үстіне мініп алған азамат та бар екен.
Аталған видеоны көргендер "Мынау не тағы?", "Той ма әлде...", "Масқара" деп жазған.
Бейнероликтің қашан және қайда түсірілгені белгісіз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1797334-tojda-jel-adamny-mojnyna-minip-bilegen-azamat-zrtty-asuyna-tidi/