Мелания Трамп Диана ханшайымның аңызға айналған образын қайталады (фото)
Опубликовано:
Ұлыбританияға күйеуімен бірге ресми сапармен келген Мелания Трамп жергілікті халықтың назарын өзіне аударды. АҚШ-тың бірінші ханымы ел алдына аты аңызға айналған Диана Ханшайымның образын қайталап шыққан деп жазады woman.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мелания Трамп бірінші күні-ақ ІІ Елизавета патшайымның көңілінен шыққысы келген көрінеді. Оны АҚШ-тан келген қонақтардың дайындығынан байқауға болады.
Президент Дональд Трамп шаш үлгісін өзгертсе, оның жұбайы Мелания ерекше образ таңдаған.

Үшінші маусым күні өткен кездесуге АҚШ-тың бірінші ханымы 3,5 мың фунт тұратын италиялық Gucci сән үйінің көйлегін киіп келген. Мелания образын бас киіммен толықтырған.

Ұлыбританиялықтар АҚШ-тың бірінші ханымының киім үлгісі марқұм Диана ханшайымның 80-ші жылдардағы образына қатты ұқсайтынын айтқан.






Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1797664-melania-tramp-diana-hansajymny-ayzga-ajnalgan-obrazyn-kajtalady-foto/