Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сізді кедейлікке не әкелетінін білесіз бе?

Опубликовано:

Шын мәнінде кедейік физикалық және психологиялық болып бөлінеді. Бірінші жағдайда адам өзіне қажетті табысты таба алмайды, ал екінші жағдайда табуға тырыспайды деп хабарлайды woman.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: vogazeta.ru
Фото: vogazeta.ru: UGC

Адамның кедей болуына мына нәрселер әсер етеді:

Өмірге шағымдану

Табыс тапқысы келмейтін адам үнемі өмірге шағымданып отырады. Барлық адамдар өзгелердің оларға аяушылық танытқанын қалайды. Алайда олар осылайша өздеріне жамандық шақырып, бастарына бәле тілеп алады. Ақшамен де дәл осылай. Егер сіз жағдайыңызды жақсартуға тырыспай, үнемі өзіңіздің қандай кедей екеніңізге шағымданатын болсаңыз, ешқашан табысқа жете алмайсыз. Егер сіз расымен бір нәрсе өзгерткіңіз келсе, шағымды ұмытып, іске көшесіз.

Жеңіл ақша

Адамдар тығырыққа тірелген кезде жеңіл ақша табу жолын іздестіре бастайды. Оларға азартты ойындар мен спортқа бәс тігу жатады. Барлығы мұның жақсылықпен аяқталмайтынын түсіне бермейді. Одан да біраз үнемдеп, адал еңбекпен ақша тапқан абзал.

Қызғаныш

Басқа адамдардың жетістігіне қарамай, өз жолыңызбен жүріңіз. Көп жағдайда адам бойын қызғанышқа билетіп, өзгелерге әлденені дәлелдеу үшін түрлі қадамдарға барады. Өз жетістіктеріңіз бен мақсаттарыңызға көңіл бөліңіз.

Үнемдеу

Шығындарды есептеп, үнемдеуге тырысқан жақсы. Бірақ бұл барлық нәрсеге қатысты емес. Денсаулық пен білімге келгенде үнемшіл болудың қажеті шамалы.

Мәселен, сіз артық аяқ киім алмай-ақ бір мезгілді өткеруіңіз мүмкін. Алайда үнемшіл болып жарамдылығы өтіп кеткен азық-түлік алуға болмайды. Сонымен қатар, керекті дәрі-дәрмектен де бас тартудың қажеті жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1797724-sizdi-kedejlikke-ne-keletinin-bilesiz-be/

pixel