Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Босану кезінде көз жұмған әйел, Кесер тілігінен кейін қайта тірілді (фото)

Опубликовано:

АҚШ-тың Колорадо-Спрингс қаласының тұрғыны Николь Холл клиникалық өлімді бастан кешіріп, кесарь тілігінен кейін қайта тірілген. Бұл туралы rambler.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Николь үшінші баласын босану үшін ауруханаға келген. Толғағы басталып, жатыры жеті сантиметрге ашылғандықтан ол бейқам босанатын сәтін күтіп жатқан. Кенет ол тұншыға бастаған. Мейірбике оған оттегі маскасын кигізіп, шұғыл дәрігерлерді шақырған.

Мұның бәрі күйеуінің көзінше болған. Аяқ аятынан бөлме дәрігерлерге толып, әйел адамды шұғыл операция бөлмесіне алып кеткен.

Бірер сәттен кейін дәрігерлер әйел адамның жүрегі тоқтағанын айтып, баланы құтқару үшін кесарь тілігін жасауға рұқсат сұраған.

Шұғыл шақырту бойынша келген хирург Николь бес минут бұрын көз жұмды деп ойлағандықтан, ол әйел адамның ішін анастезиясыз кескен. Жатыр ашылып, бала табиғи жолмен туылуға дайындалып, төмен түсіп кеткен. Осының салдарынан дәрігер абайсызда скальпельмен баланың иығынан қолтығына дейін кесіп алған.

Дәрігерлер баланы алып шыққанда, ол тыныс алмай жатқан. Тек бес минуттан кейін оның шырылдаған дауысы шыққан.

"Мен дәрігерлерден әйеліммен қоштасуға рұқсат сұрадым. Олар маған баланы алып, әйелімнің жүрегі қайта соға бастағанын айтты", - дейді Никольдың күйеуі Энтони.

Николь төрт литр қан жоғалтқан, себебі бәрі оны қайтыс болады деп ойлаған. Оған шұғыл ота жасалып, ол төрт күн бойы өлім мен өмірдің арасында жатқан.

Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы. Бұл оқиға туралы тек баланың иығындағы тыртық қана еске салады екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1797800-bosanu-kezinde-kz-zmgan-jel-kesar-tiliginen-kejin-kajta-tirildi-foto/

pixel