Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түрікменстан президенті кітаптарынан түскен қаржыға халқына дастархан жайды

Опубликовано:

Түрікменстан президенті Гурбангұлы Бердімұхамедов Ораза айт құрметіне Қыпшақ ауылының тұрғындарына дастархан жайды. Бұл туралы lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Түрікменстан президенті кітаптарынан түскен ақшаға жұртты тамақтандырды
Көрнекі сурет: nn.by: Facebook

Бұл дастархан Бердімұхамедовтың әртүрлі тақырыпта жазылған кітаптарынан түскен авторлық гонорары есебінен жайылғаны айтылды.

Дастарханнан дәм татпас бұрын ел президенті түрікмен халқына қайтыс болғандардың аруақтарына құрмет көрсету тән екенін айтып, Қыпшақ ауылында жерленген тұңғыш президент Сапармұрат Ниязовтың басына барып қайтқан.

"Түрікмен халқы дана, жомарт, мейірімді, еңбекқор, ақкөңіл. Бізге көмекке мұқтаж жандарға жанашырлық жоғары", - деді Гурбангұлы Бердімұхамедов.

Ас аяқталған соң ол жиналған жұртшылықпен қоштасып, кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1798095-trikmenstan-prezidenti-kitaptarynan-tsken-karzyga-halkyna-dastarhan-zajdy/

pixel