Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"19 кездесуде жеңген": Головкиннің кезекті қарсыласы Роллс жайлы не білеміз?

Опубликовано:

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін канадалық Стив Роллсқа қарсы өткізеді. Ендеше, GGG-дің кезекті қарсыласына қатысты тың мәліметтерді prosports.kz сайты назарыңызға ұсынады.

Көрнекі фото: prosports.kz
Көрнекі фото: prosports.kz: Facebook

Канаданың Чатем елді мекенінде өмірге келген Стив Роллс қазір Торонто қаласында тұрады.

Ол жекпе-жекке дайындығын Томи Ховаттың қол астында жасап жүр. Әуесқой бокстан бірнеше мәрте чемпион атанған Роллс кәсіпқой боксқа ауысқалы бері бір рет те жеңіліп көрмеген. Ал бұған дейін аймақтық NABF Junior белбеуінің иегері болған боксшы жуырда орта салмақтағы екінші чемпиондық белбеуін - USBA-ді жеңіп алды.

Дегенмен Роллс осы уақытқа дейін 12 раундтан тұратын кездесу өткізіп көрмеген. Яғни, бұл жекпе-жекте 35 жастағы спортшыға алғаш рет 12 раундқа шыдау қажеттілігі туындап тұр.

Сондай-ақ, бұл кездесуге дейін Стив Геннадий Головкин сынды дәрежедегі қарсыласпен қолғап түйістіріп көрмеген.

Көрнекі фото: prosports.kz
Көрнекі фото: prosports.kz: Facebook

Алдағы жекпе-жек чемпиондық белбеуді сарапқа салмаса да, канадалық боксшы үшін маңызды рөл атқармақ. Себебі, Стив Роллс бұл кездесуден жақсы пайда тауып, алғаш рет алты санды сыйақы алады.

Жарты жыл бұрын GGG-ге қарсы жекпе-жек өткізуді армандаған боксшы промоутері Лу Дибелланың арқасында мақсатына қол жеткізіп отыр.

Стив Роллс кәсіпқой бокста 19 жекпе-жек өткізіп, бірде-біреуінде қарсыласына есе жібермеген. Ал он кездесуінде қарсыласын сұлатып түсірген.

Бірақ Boxrec рейтингінде әлі күнге үздік 50 боксшының қатарына енбеген. Мұндай рейтингімен титулдық жекпе-жек өткізу мүмкін емес. Тіпті, канадалық боксшылар арасында орта салмақта үздік үштікке кірмейді. 

Көрнекі фото: prosports.kz
Көрнекі фото: prosports.kz: Twitter

Роллстың рейтингінің төмендігі - оның кәсіпқойға кеш ауысқандығынан болуы мүмкін. Себебі, ол тек 27 жасында мансабында өзгеріс жасауға бел буған. Ал жеңген 19 қарсыласының ішінде іліп алар біреуі жоқ. Үздік 30 боксшының қатарына кіретіндердің біреуімен де қолғап түйістірмеген. 

Осы нәтижеге қарамастан, оның бапкері Томми Ховат Стив Роллстың бокс әлемін таңғалдыруға қауқарлы екенін айтуда.

Оның пікірінше, Стив Роллстың соққысы жойқын, ал оның басты қаруы - сол қолымен орағытуы. 

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Стив Роллстың кездесуі елорда уақытымен 9 маусым күні Нью-Йорк қаласында Madison Square Garden кешенінде өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1798214-19-kezdesude-zegen-golovkinni-kezekti-karsylasy-rolls-zajly-ne-bilemiz/

pixel