Талғамы жоқ адамды қалай бірден аңғаруға болады?
Жарияланған күні:
Қазіргі қыздардан бірнеше жыл бұрын сәнді болған киімдерді кездестіруге болады. Олар белгісіз себептермен әлі де оларды киіп жүр. Ендеше, талғамы жоқ адамды қалай бірден аңғаруға болады? Бұл сұраққа buratinsburger.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жауап береді.
1. Аяқ киімнің түсіне сай сөмке
Әрине, қара түсті аяқ киім мен қара сөмкеде тұрған ештеңе жоқ. Алайда, қою көк түсті аяқ киіміңіз үшін жанұшыра сол түстес сөмке іздеудің қажеті шамалы.
2. Декоры бар резеңке
Сіздің үйіңізде әлі де барқытты рәзіңкелер болса, тастауға асығыңыз. Олар, тіпті, үйдегі образға да ерекшелік әкелмейді.
3. Белі төмен орналасқан киім
Белі төмен орналасқан киімдер 15-20 жыл бұрын сәнде болған. Қазіргі уақытта сән аренасында белі жоғары орналасқан джинсы шалбарлар көп маңызға ие. Белі төмен орналасқан киімдер, тіпті, арық қыздардың да бүйірін көрсетеді.
4. Жылтыр колготки
Жарық жерде жылтыр колготкиді бірден аңғаруға болады. Осы уақытқа дейін әлемде жылтыр және күйген түс өте тартымсыз екені бірнеше рет айтылған.
5. Тек алтын бұйымдар
Әр саусаққа алтын сақиналар, мойынға алтын алқалар мен қолына алтын білезіктер тағатын қыздар көбіне зергерлік брендтер шығаратын бұйымдарға назар аудармайды.
6. Ұзын тырнақтар
Ұзын тырнақтар қыздардың сұлулығын емес, жинақылығы мен ұқыптылығы жоқ екенін көрсетеді.
7. Көп безендірілген киімдер
Түрлі оюлар мен жазулар, жылтырлар өткен ғасырдың тағы бір бейнесі деуге болады. Егер қатты жылтырға зәру болсаңыз, ешқашан сәннен шықпайтын люрекс пен металы бар заттарды пайдаланған абзал.
8. Біз өкшелі туфлилер
Белгісіз себептермен қыздар әлі де биік өкшелі аяқ киімдерді киюді жалғастыруда. Олар стиль де, қолайлылық та бермегенімен, арулар бұл аяқ киімдерді тастауға асығар емес.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1798815-talgamy-zok-adamdy-kalaj-birden-agaruga-bolady/