Ішімдікке тойып алған командир өзінің сарбаздарын атып тастады
Опубликовано:
Украинаның Қарулы Күштерінің бірінің командирі мас күйінде Донбасста оның бағыныштыларын атып тастады. Бұл туралы Луганск Халықтық милициясының баспасөз қызметінің өкілі Иван Филипоненко мәлімдеді. Оның мәдімдеме жасаған видеосы ведомствоның YouTube-арнасында жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Офицердің сөзінше, қайғылы жағдай 18 маусым күні Троицкое кентінде болған.
Луганск Халықтық Милиция өкілінің мәлімдемесінде ішімдікке сылқия тойып алған командир өзінің жасағына автоматпен ок атқаны айтылды.
Бұған әскери борышын өтеушілерді өз позицияларында қалдыруға деген ұмтылысы себеп болған.
Ведомствоның мәліметінше, нәтижесінде үш жауынгер жараланып, қазіргі уақытта жергілікті ауруханада емделуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1800630-isimdikke-tojyp-algan-komandir-zini-sarbazdaryn-atyp-tastady/