Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

18+: Төсек қатынасында еркектер жіберетін басты қателік қандай?

Опубликовано:

Төсекте ләззат алмаудың себебінен ерлі-зайыптылардың арасында түрлі түсініспеушіліктер туындап тұратыны рас. Әрине, жыныстық қатынастың сәтті болуы жұптардың екеуіне де қатысты. Дегенмен, әйелдің жолы жіңішке, сондықтан ол күйеуінен алғашқы қадамды күтеді. Ал ер азаматтардың төсекте жіберетін қателіктері қандай? Бұл сұраққа ERNUR.KZ жауап береді.

Көрнекі фото: vonderhaarlaw.com
Көрнекі фото: vonderhaarlaw.com: Facebook

1. Әйелді аймаламай, бірден іске көшу

Әрине, үйде қонақтар болып, қалт еткенде бір-біріңізді көзбен аймалап, шыдамсызданып отырып, қонақтар кеткен соң еш аймалаусыз, бірден "іске кірісетін" кездер болады. Алайда, әйелдер үшін жыныстық қатынасты бастамас бұрын аймалаудың да өте маңызды екенін еркектер естен шығарып алады. Әйелдердің түсінігінше, бұл - ерінің өзін сүйетіндігінің, сыйлайтындығының белгісі.

2. Жыныстық қатынастан соң, жуынбай бірден ұйқыға кету

Бойдақ күнінен сирек жуынуды әдет қылған еркек үйленгеннен кейін де жуынуды мүлде сиретуі мүмкін. "Әйел менікі, енді ешқайда кетпейді ғой. Ерініп тұрмын, жуынбаса ештеңе етпейтін шығар, таңертең жуынамын ғой" деген сылтаулар көбейе береді. Сіз өзіңізді ғана ойламаңыз, егер әйеліңіз сіздің үстіңізден шығатын тердің тағы да басқа жағымсыз иістерден жиіркеніп қалса, қатынасқа түскісі келмейді.

3. Жатын бөлме ойыны бітер-бітпестен орнынан атып тұру

Жыныстық қатынас аяқтала сала, еркектің жуынуға немесе темекі шегуге, басқа жаққа кетіп қалғаны әйелдерге мүлде ұнамайды. Мұндайда әйел өзін шаруасын бітірген күйеуіне қажетсіз сезінеді. Сондықтан, бәрі аяқталған соң төсектен тұруға асықпай, 15-20 минуттай әйеліңізді сүйіп, құшақтап жата тұрған абзал.

4. Эгоистік

Еркектер өзі ләззат алса, қанағаттанса, әйелге де ұнады деп ойлайды. Жыныстық қатынаста эгоизм деген мүлде болмау керек. Әйелдің де ыңғайына қарап, көңіл-күйін бақылау керек. Өз шаруаңызды тездетіп бітіріп, тоқтата салу да әйелдің жүрегін жаралайды.

5. Әйелдің омырауына жөнсіз жабыса беру

Омырауын умаждай беру де әйелге ұнай қоймайды. Еркектер әйелдердің ең эрогенді аймағы - төсі деп ойлайды. Олай емес, төсіне қол жүгірткен сайын әйелдің "жыны қоза бастайды".

6. Төсектегі "ойында" жатқанда сөйлей беру

Әйелдерге жыныстық қатынас кезінде әңгіме айту емес, ләззат алған ұнайды. Оларға "Ұнады ма?" деген сұраққа өте жиі және мәжбүрмен жауап бергенді жек көреді. Ері арасында қандай позаның, ненің ұнайтынын құлағына сыбырлап қана сұрап отырса, жеткілікті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1800695-18-tsek-katynasynda-erkekter-ziberetin-basty-katelik-kandaj/

pixel