Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

18+: Әйелді естен кетпес ләззатқа бөлейтін үш нүктені білесіз бе?

Опубликовано:

Әйел төсекте тоят табуы үшін еркектің аспабы мамандар айтып жүрген G аймағына жетуі керек. Нәзік жандылардың ләззат ала алмауына еркектің "білімсіздігі" мен дөрекі қимылдары да әсер етуі мүмкін. Ендеше, төсекте рахат алу үшін азаматтарға әйелдің қандай нүктелерін білу қажет? Бұл сұраққа ERNUR.KZ жауап береді.

Көрнекі фото: idntimes.com
Көрнекі фото: idntimes.com: Twitter

Бірінші нүкте-G зонасы қынапқа кіргеннен кейін 3-4 см аралығында орналасқан. Бұл зонаға ер адамның мүшесі кез-келген позада жете бермейді. Сондықтан, қынапқа еркек мүшесі тіке кіріп-шыққанан гөрі, мейлінше осы аймаққа жақындату керек.

Ер адамның мүшесінің үлкен-кішілігі бұл жерде рөл ойнамайды. Себебі, ол аймақ 3-4 сантиметр жерде орналасқан. 20-25 пайыз әйелдер бұл сезімді сезіне алғанын айтса, қалғаны бұған қалай жетудің жолдарын меңгеруі керек.

Әйелдің қынап ішіндегі жоғары жағына, қарын маңында орналасқан бұл нүктесіне аяқтары жоғары көтерілген қалыпта еркектің мүшесі жете алады.

Шүртекей мен осы G зонасына әсер етпейінше, әйел толық ләззатқа бата алмайды. Әрбір еркек өз әйелінің анатомиясын үйренуі тиіс.

Әйел оқылмаған кітап. Сондықтан, әйеліңізге не ұнайды, не ұнамайды, оның барлығын зерттеп-білу - сіздің міндетіңіз.

Сондай-ақ, әйеліңіздің эрогенді аймағын дөп басып, оған тәтті сөздеріңізді арнасаңыз, қолыңыздан келсе, кішігірім болса да сыйлық жасап, махаббатыңызды күшейтетін басқа да әрекеттеріңіз әйеліңізге майдай жағып, оны еріте түседі.

Екінші сезімтал аймақ - А зонасы деп аталады

Бұл аймақ, тереңіректе орналасқан. Зәр шығару маңына жақын. Бұл зона әуреті үлкендеу немесе бойынан шаһуатын тез жіберіп қоятын ерлерге ыңғайлы.

Әрине, алдымен әйелді төсек қатынасына дайындап алу керек.

Үшінші нүкте- U зонасы

Бұл нүкте қынаптың кіре берісінде, зәр шығару каналының жанында орналасқан. Бұл әрине, мүшенің қысқалығына қарамайды. Әйелді ләззатқа бөлеу сіздің қолыңызда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1802631-18-jeldi-esten-ketpes-lzzatka-blejtin-s-nkteni-bilesiz-be/

pixel