Анасының туған күніне көлік сыйлаған жігіт жұрттың жүрегін елжіретті
Опубликовано:
Әлеуметтік желіде анасының туған күніне көлік сыйлаған жігіттің видеосы кең тарап кетті. Аталған бейнежазба көпшілікті жылатты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео Instagram-дағы nvideo.kg тобында жарияланды.
Анасына тосын сый жасамақ болған баласы жақындарының ортасында оған ақ тұлпарды сыйға тартты. Кейіннен гүл шоғын сыйға тартқан жігіт анасының аяғын сүйді.
Ер азаматтың бұл құрметі жұртты елжіретті.
"Жарайсың", "Аналарымыз аман болсын", "Аналарымызға мың алғыс", "Анасын сүйгенін қарашы", "Алтын бала ғой", "Алла осындай балаларды нәсіп етсін барлық аналарға", - деп жазды олар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1807861-anasyny-tugan-knine-klik-syjlagan-zigit-zrtty-zregin-elziretti/