Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дауылда қолшатыр ұстап, кәуап пісірген азамат жұрттың көңілін көтерді (видео)

Опубликовано:

Желіде дауылды күні жаңбыр астында қолшатырмен тұрып кәуәп пісірген жігіттің видеосы кеңінен тарап кетті. Бейнежазба желі қолданушыларының көңілінен шығып, күлкіге қарқ қылды деп хабаралайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Аталған бейнежазба Instagram-дағы fails_vidos тобында пайда болды.

Әлеуметтік желіде кеңінен таралған видеодан ер адамның дауылды күні ештеңеге қарамастан қолшатырмен қорғана отырып, кәуәп пісіріп тұрғанын көруге болады.

Желі оқырмандарының бірі алған бетінен қайтпайтын жігіттің қайсарлығына тамсанса, енді бірі әзіл айтудан жалтарған жоқ.

"Қолшатырға найзағай тисе, бітті ғой", "Нағыз жігіт, жарадың", "Етті соңғы ақшаңа сатып алсаң, осы ғой", "Басымнан осыған ұқсас жағдай өткен", "Есесіне дәмі тіл үйіретін болады", - деп әзіл-шыны аралас пікір қалдырды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1807926-dauylda-kolsatyr-stap-kuap-pisirgen-azamat-zrtty-kilin-kterdi-video/

pixel